03 Шілде, 2010

ҰЙЫМ КЕҢІСТІГІНДЕ ТАРАТУ МАҢЫЗДЫ

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин  Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясының (АСПХК) тең төрағасы, ІІІ Астаналық экономикалық форумының қатысушысы Хосе де Венесиамен кездесті. Кездесу барысында әңгімеле­су­шілер АСПХК қызметінің мә­селелерін талқылады. “Нұр Отан” партиясы конференцияның және оның Тұрақты комитетінің құра­мындағы белсенді мүшелерінің бірі болып табылады. Азиялық саяси партиялар халықаралық конферен­циясы – даму ырғағы оның мүше­лері санының тұрақты өсуімен си­патталатын Азиядағы ірі ұйымының бірі. Қазіргі таңда ұйымның құрамына әлемнің 52 елінен 318 саяси партия кіреді. Өткен жылғы күзде АСПХК Бас Ассамблеясының бесінші отыры­сының төрағасы болып “Нұр Отан” партиясы бірауыздан сай­ланған болатын. “Нұр Отан” партиясы Төраға­сының бірінші орынбасары ел Пре­зиденті, партия Көшбасшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың сара жә­не стратегиялық саясатының арқа­сында Қазақстан жыл сайын ха­лықаралық алаңда өз ұстанымын ба­рынша  күшейтуде. ЕҚЫҰ төра­ғасы ретінде Қазақстан Қырғыз­стан­дағы жағдайды тұрақта­н­ды­руға нақты үлес қосты, деді. Өз кезегінде  Хосе де Венесиа Қа­зақстан Президентінің бастауы­мен толеранттылық, этносаралық та­тулық пен конфессияаралық ке­лісім идеясын Қазақстанда ғана емес, ЕҚЫҰ кеңестігінде тарату­дың маңызды рөлін атап өтті.  Хо­се де Венесианың пікірінше, Қазақстан шын мәнінде үлкен жиырмалықтың мүшесі болып, онда Орталық Азия өңірінің күшті әлеуетін айғақтауы тиіс. “Егемен-ақпарат”.