07 Тамыз, 2015

Ынтымақтастықты тереңдетуге назар аударылды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов канадалық Нью-Брансуик провинциясында сапармен болды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

kon

Фредерикто қаласына сапа­ры бары­сында К.Жигалов провин­­ция­ның губернаторы Джо­се­лин Рой Вьеномен кездесті, сон­дай­- ақ, Нью-Брансуик премь­ерінің орын­басары Стивен Хор­с­мэн­мен, таби­ғи қорлар, энер­ге­­­ти­ка және тау-кен өн­дірі­сі минис­трліктерінің басшы­лығымен, «OpportunitiesNB» агент­тігінің жетекшілігімен, Сент-Джон қаласы портының әкімші­лігі­мен және провинцияның бас­қа да өкіл­дерімен келіссөздер жүргіз­ді. Сапар Канаданың халықара­лық сауда-экономикалық және гума­нитарлық байланыстарында маңыз­ды рөлі бар канадалық провин­ция­лармен Қазақстанның ынты­мақ­тастығын тереңдетудің болашағы зор екенін растады. Тарап­тар энергетика, білім беру, шағын және орта бизнес дең­гейінде жаңа өзара тиімді байлан­ыс орнатудың қажеттілігін атап өтті. Елшілік жақында осы мақсатта еліміздің экономикасына жаңа инвестициялар тартуды көздеген Қазақстандағы экономикалық мүм­кін­діктер туралы іскерлік анық­тама басып шығарды. Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі, сондай­-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Нью-Брансуик өкілдерінің елеулі қызығушылықтарын тудырды.

«Егемен-ақпарат».

Сурет: http://kapital.kz/