03 Шілде, 2010

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ІРІ ШАРА

514 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматыда “Almaty Towers” ха­лықаралық жаңа көрме кешенінде Ресей өнеркәсіп көрмесі болып өт­ті. Қазақстанда алғаш рет ұйым­дас­тырылған  “Expo-Russіa Ka­zakh­stan 2010” көрмесінің ашылу салтанатына Ресейдің Қазақ­стан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Бочарников, көрменің ұй­ым­дастыру комитетінің төрағасы Д.Вар­танов және Қазақстан ми­нистр­ліктер мен ведомство­ла­ры­ның ресми өкілдері қатысты. М.Бочарниковтың айтуынша, “Ex­po Russіa” бағдарламасы ая­сын­да Алматы қаласында ресейлік алғашқы көрменің ашылуы екі ел бизнес қауымдастығы алдында жаңа мүмкіндіктерге жол сілте­мек”. Көпшілікке жақсы белгілі, көр­шілес екі мемлекет – Қа­зақ­стан мен Ресей арасындағы эко­но­микалық тығыз байланыстар уа­қыт өткен сайын нығая түсуде. Со­нымен қатар, бүгінгі күннің би­ік талабына орай өнеркәсіп, әсі­ре­се, инновация саласындағы ын­ты­мақтастық қарым-қатынас дең­гейін одан әрі арттыру қажеттігі айтпаса да түсінікті. Оңтүстік аста­наның дәл орта тұсында орна­лас­қан жаңа да көрнекті бизнес ор­талығында өткен көрмеге Ресейдің 15 өнеркәсіпті аймағынан 70 компания қатысты. РФ Сыртқы істер министрлігі сауда-өнеркәсіп палатасы және ҚР салалық министрліктері қолдауы­мен ұйымдастырылған “Expo Russіa” көрмесінде энергетика, мұнай-газ өндірісі, металлургия, мәшине жасау, су шаруашылығы, орман шаруашылығы, құрылыс, көлік инфрақұрылымы, коммуни­кация және байланыс, ауыл ша­руа­шылығы мен құрылыс тех­никасы, тағам өндірісі салаларына арналған бөлімдер көпшілік назарына ұсы­нылған. Онда уақыт өткен сайын өркендеп, құлашын кеңге жайған өндіріс пен жоғары технологиядағы озық жетістік­тер­ден мол мәлімет беретін сапалы өн­дірістік құрал-жабдықтар қой­ылған. Көрме бағдарламасы аясында ірі көлемдегі инфрақұрылымдық жобалардың келешегі және өзге де күн тәртібінде тұрған мәселелер ортаға салынуы көп түйткілдердің шешімін табуға ықпал етті. Аны­ғырақ айтқанда, тәжірибе көрсет­кеніндей, кейбір күрделіліктердің бірлесіп, күш қосқанда ғана игерілетіні айтпаса да түсінікті емес пе? Мәселен, “Expo Russіa-Ka­zakhstan 2010” ұйымдастыру ко­митетінің төрағасы Д.Вартановтың есептеуінше, “бұл көрме жаңа әр­іптестік қарым-қатынастарға жол ашып, жеткен нәтижелер екі мем­лекет арасындағы ынтымақ­тас­тықты одан әрі нығайта түспек”. Қазақстанда тұңғыш рет өт­кізіліп отырған “Expo Russіa” көр­месінің директоры С.Забелина “бұл көрменің келер жылы да өз жалғасын табатындығын, яғни жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін­дігін” тілге тиек етті. Бақыт БАЛҒАРИНА. АЛМАТЫ.