03 Шілде, 2010

ҚАЗАҚША ОҚУЛЫҚТАР ШЫҒАРАДЫ

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ тіліндегі оқулықтарды шығару мәселесі отандық білім беру саласының өзекті проблемаларының бірі болып табылады. Себебі, еліміздің жоғары оқу орындарында қазақ бөлімінде оқитын студент-жастардың саны 48 пайыз болса, олардың қазақ тіліндегі оқулықтармен қамтылу деңгейі тек 23 пайызды ғана құрап отыр. Осыған орай Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Б.Әбдірайымның бастамасымен университеттің жанындағы баспаханадан мемлекеттік тілдегі оқулықтарды шығару жұмысы қолға алынды. Университет ғылыми кеңесінің ұйғаруымен ағымдағы оқу жылының өзінде қазақ тілінде 20-ға жуық оқулықтар жарыққа шықты. 2010 жылдың аяғына дейін Еуразия ұлттық университетінің баспасынан қазақ тіліндегі тағы 10 оқулықты шығару жоспарда бар. “Егемен-ақпарат”.