07 Тамыз, 2015

«Волга» көлігінің доңғалағы іші толған есірткі екен

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазіргі уақытта «Қордай» кеде­нінде нағыз қарбалас бастал­ған шақ. Жұмыс үде­рісі шекаралақ төрт кеден бекетінде тәулік бойынша демалыссыз жүргізілетін болғандықтан, кеден­шілерге бір сәт те босаң­суға жол беріл­мейді. Олай дейтініміз, осы таяу­да ғана кеденшілер шекара қыз­меткерлерімен бірлесе оты­рып, есірткі алып өтудің үш жолын кескен болатын. Нәти­жесінде 52 килодан аса есірткілік зат – героин тәркі­ленді. Ұсталғандардың бар­лығы қырғыз азаматтары. Ал жақында «Қарасу» кеден беке­тінде түнгі сағат 11-лер шамасында мемлекеттік номері S5059AH «Волга 3110» маркалы автокөлік тоқ­татылды. Көлік жүргізушісі 1984 жылы туған көр­ші ел азаматы. Күдік тудырған автокөлікті бас маман Нұр­жан Айдарбеков пен жетекші-кинолог Ержан Әмірбаев терең­детіп тек­серу­ден өткізу үшін инс­пекциялық тексеру кешеніне жіберуге шешім қабылдайды. Инс­пекциялық тексеру кешенінде кезекшілікте отырған же­текші маман Серікжан Мыр­­зақасымов пен бас маман Арман Ташев аталмыш автокөлікті ска­нерлік тексеруден өткізу барысында артқы дөңгелектерінің үс­­тіңгі қапталында күдікті зат­тың ор­наласқандығын аңғарады. Оны тереңдете тек­серіп қараған кезде арнайы желім қағазбен оралған 95 дана брикет шықты. Дереу тағайындалған химиялық сараптама нәтижесінде аталмыш ұсталған зат жалпы сал­мағы 32 кило 509,84 грамм героин және 46,8 грамм гашиш екені анықталды. Бекен НҰРАХМЕТОВ, Жамбыл облыстық мемлекеттік кірістер департаменті «Қордай» кедені басшысының орынбасары. Жамбыл облысы.