Денсаулық • 03 Қазан, 2025

Павлодарда ауыл тұрғындарының тісін заңсыз емдеп жүрген шетелдік анықталды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалған тіс дәрігерінің стоматологиялық қызмет көрсетуге қажетті құжаттары да болмаған. Полиция заңсыз медициналық қызмет көрсету дерегі бойынша әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда ауыл тұрғындарының тісін заңсыз емдеп жүрген шетелдік анықталды

Железин ауданының бір ауылында шетел азаматының халыққа заңсыз медициналық қызмет көрсеткен дерегі әшкереленді.

- Заңсыз қызметпен айналысқан тұлғаның стоматологиялық қызмет көрсетуге рұқсат беретін тиісті құжаттары болмай шықты. Полиция заңсыз медициналық қызмет көрсету фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал Павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне қарауға жолданды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары аталған заңсыздық «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталғанын айтады. Оның аясында полицейлер 1 тоннадан астам дәрі мен ампула түріндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын шектеген.

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50