Спорт • 03 Қазан, 2025

Трофи-рейдтен Қонаевта ел чемпионаты өтті 

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Трофи-рейдтен Қонаевта ел чемпионаты өтті 

2025 жылғы спорттық күнтізбеге сай бес кезеңнен тұратын трофи-рейдтен Қазақстан чемпионаты Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында ұйымдастырылып, ақтық кезең Қапшағай жағалауында өтіп, маусым жеңімпаздарын анықтады.

Жол талғамайтын көліктер додасына еліміздің 10 өңірінен жиналған 46 экипаж (92 спортшы – пилот пен штурман) ТР-0, ТР-1, ТР-2, ТР-3 санаттары бойынша бақ сынады.

Жалпы трофи спорты екі бағдарламаға негізделген: алғашқысы – тау-тас, сай-қыр, орман-тоғай мен өзенді еңсеріп, жасырынған «GPS» нүктелерін бағындыру болса, екіншісі – ең қызықты бөлік саналатын айналмалы жарыс. Жол талғамайтын техникасын саз-балшыққа белден батырып, мәре сызығына ұмтылған экипаждар сайысы ерекше әсер қалдырды.

 

 Нұрпейіс ҚОНЫСБАЙ,

автомотоспорттан мемлекеттік жаттықтырушы

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25