07 Тамыз, 2015

Әскери әулет Елімізде тұңғыш рет осындай байқау басталды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
001 (1) Кеше ресми түрде «Әскери әулет» алғашқы республикалық бай­қауы басталды. Ол отбасылық құн­дылықтарды кеңінен насихат­тауға, өскелең ұрпақты патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу негіздері ретінде қазақстандық әскери қызметшілердің отбасына демеу болуға бағытталған. Аталған байқауға Қарулы Күш­терде қызмет атқарған, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысқан әке­лерінің, аналарының, аталары мен апаларының даңқты әске­ри дәстүрлерін жалғастыра отырып, қазіргі уақытта қазақ­стан­дық армияда қызмет етіп жүрген әскери қызметшілер қаты­сып, отбасының ерекше құнды­лық­тарын айтып бере алады. «Әскери әулет» байқауы бүкіл ел­ге ұрпақтан-ұрпаққа әскери қыз­­мет дәс­түрін жалғастырып келе жатқан айбынды әскери қыз­мет­шілердің әулеті туралы паш етеді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің осы іс-шарасына қатысуға ниет білдірушілерге жауынгерлік марапаттар, отбасы мүшелерінің еңбектері мен же­тістіктері, дәстүрлері мен қасиеттері туралы әңгімелей отырып, өзінің әскери әулетінің портфолиосын ұсынулары қажет. Өтінімдер ағымдағы жылғы тамыздың 5-і мен 25-і аралығында қабылданады.