07 Тамыз, 2015

61 қыз-жігіт жұмыспен қамтылды

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сырым ауданында «Жастар тәжі­рибесі» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикалық трансферттен және жергілікті бюджеттен 12 млн. 992 мың теңге қаржы бө­лін­ді. Осы бөлінген қаржыға шілде айы­ның алғашқы онкүндігі аралығында 61 жас маман негізгі мамандықтары бойынша аудандағы 42 мекемеге «Жұмыспен қамту орталығы» ММ ар­қылы 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды. Жұмысқа жолданғандардың арасында мал дәрігері, білім беру, ақпараттық жүйелер, байланыс технигі, электр­мен қамтамасыздандыру, қаржыгер, жол құрылысын қадағалау, туризм, әлеуметтік қызметкер, мәдениет, бейнелеу және сызу өнері сияқты сала иелері бар. Ең бастысы, ауданда қолға алынған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының мақсаты еліміздегі жоғары және арнайы орта білім ордаларын бітірген, әйтседе мамандығы бойынша жолы болмай жүрген жастарды тұрақты жұмыспен қамту, оларға қолдау көрсету болатын.

syrym

Мүсірбек АЙТАШЕВ. Сырым ауданы, Батыс Қазақстан облысы.