Үкімет • 13 Қазан, 2025

Металлургия кешеніндегі инвестициялық ынтымақтастық мәселесі талқыланды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Олжас Бектенов қытайлық Zijin Mining Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзиньхэмен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Металлургия кешеніндегі инвестициялық ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Фото: Үкімет

Кездесу барысында Ақмола облысында тау-кен металлургия саласындағы ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша бірлескен шаралар қаралды. Сонымен қатар геологиялық барлау және жаңа кен орындарының әлеуетін ашудағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселесі талқыланды. 

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі қосылған құны жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті жәрдем көрсететінін атап өтті. Серіктестік пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің өсуіне, тұрақты жұмыс орындарын құруға және өндірістің озық, экологиялық тұрақты технологияларын енгізуге ықпал етуі тиіс.

Өз кезегінде Zijin Mining Group директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзиньхэ еліміздегі инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Айта кетейік, Zijin Mining Group – металлургия саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. 15 елде 30 жобаны жүзеге асырады. 

 

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10