07 Тамыз, 2015

ЭКСПО-2017: жұмыс алаңы

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
001 (19) Қазіргі күндері Астанадағы ЭКСПО-2017 көрме кешені құры­лысын жүргізу жандана бастады. Мұндағы бірқатар құрылыс нысан­дарын­дағы жұмыстар тіпті алдын ала белгі­ленген кестеден де озық келеді. Солар­дың бірі – әкімшілік ғимараты бүгін­де біршама бой көтеріп, өзінің қа­тар­ға қосылатын сәтін жақындата түсуде. Бүкіләлемдік көрме кешені құрылысының бас мердігері болып табылатын компанияның басшысы Нұржеке Ахмадиевтің айтуына қарағанда, әкімшілік ғимаратты биылғы қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазір құрылыс келбетіне қарай отырып, оның толық аяқталғаннан кейін қандай пішінге көшетінін көзге елестету қиын емес. Барынша жоғары деңгейдегі ыңғайлылық пен қолайлылықты басты мақсаты етіп ұстанған ғимараттың ауқымы 29 мың шаршы метрді құрайды. Осы кезде бүкіл «ЭКСПО-2017» кешеніне IT-технологияның жалпы бақылау жасауын жүзеге асыратын жедел басқару орталығы екінші қабатқа орналасатыны да белгілі болды. Мұнда қалашық аумағында қадам басқан сайын орналасатын барлық экрандар мен мониторлардағы жазбалар, барша нысандар жөніндегі мәліметтер сәт сайын құйылып келіп тұрады. Бұл кешен қызметкерлерінің көрме территориясында не болып жатқанын ұдайы бақылап отыруларына мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, көрменің барлық офистері осы ғимаратта орналасатын болады. Олардың арасында бұдан басқа, тағы макет залы, конференц-зал, қарау алаңы секілді баспананың арнайы жабдықтары мен құралдары қоныс тебеді. Сонымен, кешеннің ең алғашқы нысан құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілетін шағына тым көп қалған жоқ. Мұрат АЙТҚОЖА.