АСТАНА. 7 тамыз. Өткен түнде «Қайрат» УЕФА Еуропа лигасы іріктеу турнирінің үшінші раунды шеңберінде Шотландияның «Абердин» командасымен қарымта кездесу өткізді. Шотланд жерінде болған матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Апта бұрын қос команда Алматыда күш сынасып, алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Екі ойынның нәтижесі бойынша «Қайрат» аталған турнирдің плей-офф бәсекесіне жолдама алды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Абердиндегі ойын аса тартысты өтті. Бірінші таймда шотландтар өте ширақ қимылдады. Ал қайраттықтар негізінен қарымта шабуылға иек артып, көбіне қорғанысқа көңіл бөлді.
Ойынның екінші бөлігі де алаң иелерінің басымдығымен басталды. Олар бірнеше өткір шабуылдар ұйымдастырып, біздің қақпаны нысанаға алғанымен, «Қайраттың» қорғанысы сыр бермеді.
Матчтың 59-минутында «Абердиннің» қорғаушылары қонақтардың шабуылшысы Жерар Гоудан көз жазып қалды. Өзіне берілген мүмкіндікті ұтымды пайдаланған Гоу гол соғып, есеп ашты. Таблодағы нәтиже тек 84-минутта өзгерді. Кезекті шабуылдарының бірінде абердиндіктер таразы басын теңестіріп кетті. Голдың авторы – Кенни Маклин.
Осылайша, екі ойынның нәтижесі бойынша «Қайрат» келесі айналымға шықты. Плей-офф сынының жеребе тарту рәсімі бүгін Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.
«Абердин» (Абердин, Шотландия) – «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 1:1 (0:0)
6 тамыз. Абердин. «Питтодри» стадионы. 22 000 көрермен.
Төрешілер: Мирослав Зелинка, Ондржей Пеликан, Радек Котик (бәрі де - Чехия)
«Абердин»: Дэнни Уорд, Шалом Логан, Грэм Шинни, Эндрю Консидайн, Райан Джек, Эштон Тейлор, Кенни Маклин, Ниэлл Макгинн, Джонни Хейз (Уилло Флад 81), Питер Паулетт (Адам Руни 68), Дэвид Гудвилли (Пол Куинн 82).
«Қайрат»: Владимир Плотников, Бруно Соарес, Марк Гурман, Жарко Маркович, Ермек Қуантаев, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Исаэл (Сержиньо 82), Анатолий Тимощук, Жерар Гоу (Джордже Деспотович 74), Станислав Лунин (Исламбек Қуат 90+3).
Голдар: Кенни Маклин 84 – Жерар Гоу 59.
Ескертулер: Эштон Тейлор 90+1 – Жарко Маркович 12, Анатолий Тимощук 17, Михаил Бакаев 43, Станислав Лунин 84, Владимир Плотников 90+1.
Бірінші матч: 1:2
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kapital.kz.
• 07 Тамыз, 2015
Еуропа лигасы. «Қайрат» іріктеу турнирінің плей-офф сынына шықты

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше