АСТАНА. 7 тамыз. Латвияда орналасқан 395 мектептің ішіндегі 31 оқу орнында 10-сынып атаулы мүлдем жоқ. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
Латвияның Білім және ғылым министрі радиоға берген сұхбатында сондай-ақ, жоғарыдағыдай мектептердің 11-і Рига қаласында екенін айтты.
Саясаткер мысал ретінде 10-шы да, 11-ші де сыныптары жоқ, тек 12-ші сыныбы ғана бар Индра мектебін келтірді. Сейленің пікірінше, мұндай білім мекемелері шәкірттерін тиісті білім деңгейімен қамтамасыз ете алмайды.
«Әрине, теоретикалық жағынан біз сынып үшін бір баланы отырғызып, оқуды қамтамасыз ете аламыз. Бірақ біздің ел ретінде былай жасауға құқымыз жоқ екеніне де сенімдімін», – деді министр.
Білім және ғылым министрлігі ұсынған педагогтардың еңбекақыларын төлеудің жаңа моделінде 12 оқушыдан аз сыныптары барп мектептер жабылуға тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, Латвияда қазір 80 мектепті жабуға тура келеді. Бұл туралы министрдің кеңесшісі Каспар Берзиньш BNS телеарнасында сөйлеген сөзінде айтты. Егер сыныпта 12 баладан кем болса, онда мектеп осы оқушыларды оқыту үшін мемлекеттен қаржы алмайды. Ал жергілікті билік шағын мектептер бәрібір керек деп есептесе, оларды ұстап тұру үшін қажетті қаржыны өзі тауып береді.
«Біз ел ретінде шағын мектептерді ұстап отыруға жол бере алмаймыз», – деп түсіндірді осы орайда Берзиньш.
Шенеуніктердің есептеулері бойынша, барынша тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін сыныптар 15-25 оқушы төңірегінен жабдықталуы керек екен. Егер бала саны бұдан көп болып жатса, ол да шәкірттердің үлгерім деңгейлеріне кері әсер етеді.
Министрлер кабинеті білім беру мен мұғалімдердің еңбекақыларын төлеудің жаңа моделін 11 тамыз күні өтетін отырысында талқылайтын болады.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: ras.kz.
• 07 Тамыз, 2015
Латвияда 31 мектептің оқушылары 10-сыныпта оқымайды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше