Алматы • 20 Қазан, 2025

Әлем чемпионы әскери ант берді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубында әскери ант беру салтанатты рәсімі өтті. Ант берген әскери қызметшілер қатарында белгілі спортшылар да бар, деп жазады Egemen.kz.

Әлем чемпионы әскери ант берді

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Биыл наурызда Сербияның Ниш қаласында және қыркүйек айында Ливерпульде (Ұлыбритания) топ жарып, бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанған Алуа Балқыбекова әскери ант берді.

«Погон тағып, Қарулы күштер қатарында қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе. Армия орталық спорт клубында қызмет ету спортта дамуға және Қазақстанды беделді халықаралық турнирлерде танытуыма мүмкіндік берді», деді А.Балқыбекова.

Қазақ күресінен Азия додасының жүлдегері, республикалық чемпионаттардың екі дүркін жеңімпазы және V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жеңімпазы Бақыт Құсақбаева да сол күні әскери ант қабылдады.

А.Балқыбекова мен Б.Құсақбаеваға қатардағы жауынгер әскери атағы берілді.

ҚР Қорғаныс министрлігі спорттың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50