19 Ақпан, 2015

Павлодарда қарақшылық жасаған 4 азамат қамауға алынды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-02-15-turma-1

АСТАНА. 19 ақпан. Павлодар қалалық полицейлері қысқа мерзімде қарақшылық шабуыл жасағанында күдіктілерді анықтап, қолға түсірді. Бұл туралы облыcтық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған pavlodarnews.kz тілшісі хабарлады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 56, 42, 38 және 32 жастағы Павлодар қаласының төрт тұрғынын анықтап, ұстады. Төрт азамат азаматшаға шабуыл жасап, зергерлік бұйымдар мен қаржысын тартып алған. Келтірелген шығының жалпы сомасы 300 мың теңгені кұрайды. Тінту іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардан 2 аңшылық қару, үш бетперде және оқтар тәркіленді. «Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бүгінде күдіктілер қамауға алынып, қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Құрыш Нұрымбет.