АСТАНА. 7 тамыз. КСРО халық әртісі Владимир Зельдин жамбасына операция жасатты. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
Әртістің жұбайы Иветта Зельдинаның сөзіне қарағанда, хирургиялық әрекет кезінде актер «өзін өте жақсы ұстаған, тіпті қалжың айтып қойған». «Операция жасалып болды, ол сәтті өтті. Дәрігерлер айтқандай, ол өзін жақсы сезініп отыр», – деп мәлімдеді Зельдиннің әйелі.
Операция жалпы наркозбен емес, анестезиямен жасалған. Қазір Зельдин жансақтау бөлімінде жатыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары 5 тамызда актердің Бакулев атындағы ғылыми орталыққа қаралуға келгенде жамбас сүйегін сындырып алғанын хабарлаған болатын.
Биылғы жылы актер Владимир Зельдин өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Ол әлі күнге дейін театрда ойнап тұрады. Әртіс 2013 жылы тіпті Мәскеуде олимпиялық алауды алып жүгіруге де қатысқан.
Зельдин 1915 жылғы 10 ақпанда Козлов қаласында туған. Ол 1941 жылы экранға жол тартқан «Шошқашы мен бақташы» фильмінен кейін көпшілікке кеңінен танымал бола бастады. Оның есебінде 40-тан астам фильм бар. Солардың арасында «Асауға тұсау», «Он негр баласы», «Бақбақтан жасалған шарап» фильмдері ерекше аталады. 2015 жылы рольдердің бірін Зельдин орындаған «Кавказдың үздік қызы» картинасы түсіріліп бітпекші.
Актер 1945 жылдан бері Кеңес армиясының орталық театрында қызмет етіп келеді.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: ras.kz.
• 07 Тамыз, 2015
КСРО-ның халық әртісі Владимир Зельдинге операция жасалды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше