Поэзия • 23 Қазан, 2025

«Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық мүшәйра өтеді

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының Мәдениет басқармасы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық мүшәйра жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық мүшәйра өтеді

«Бостандық жырының бозжорғасы» деп аталған бұл әдеби бәйге – ұлттық рух пен еркін ойды, елдік пен азаттық жырын дәріптейтін рухани мереке болмақ. Мүшәйраның басты мақсаты – өз дәуірінің өр дауысына айналған ақын мұрасын насихаттау, жас буынды елдік рух пен отаншылдыққа баулу.

Байқауға қатысушылар екі өлең ұсынуы тиіс. Бірі – Несіпбек Айтұлына арналған арнау, екіншісі – еркін тақырыптағы туынды (лирика, толғау, баллада және т.б.). Жолданған шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған әрі басқа мүшәйраларға қатыспаған болуы қажет.

Өтінімдер 1 желтоқсанға дейін қабылданады. Ақындар өз туындыларын қысқаша өмірбаянымен және байланыс деректерімен бірге astanapoets@gmail.com электронды поштасына жолдайды.

Жеңімпаздарға лайықты сыйақылар тағайындалған:
Бас жүлде – 3 300 000 теңге,
Бірінші орын – 2 200 000 теңге,
Екінші орын – 1 100 000 теңгеден екі ақынға,
Үшінші орын – 660 000 теңгеден үш ақынға,
Ынталандыру сыйлығы – 330 000 теңгеден бес қатысушыға беріледі.

Мүшәйра – елдік рухтың еңсесін көтеріп, еркін ойдың көкжиегін кеңейтер әдеби алаң болмақ.



Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025