АҚТАУ. 7 тамыз. Ақтаудағы «Ақ Нек» зауыты жаңа сусын өндірмекші. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
1997 жылдан бері Маңғыстау өңірінде азық-түлік, сүт өнімдерін өндірумен және түрлі мекемелерге сервистік қызмет көрсетумен айналысып келе жатқан «Берекет-Ф» ЖШС-не қарасты «Ақ Нек» зауытының өндірістік қуаты мен тауар көлемі жылдан-жылға артып келеді. Бұдан 2 жыл бұрын тауардың 15 түрін өндіретін зауытта қазір 40 түрлі тауар дайындалады. Олардың арасында пастерленген сүт, құрт, айран, сүзбе, қатық, ірімшік, майлылық деңгейі әртүрлі қаймақтар тұтынушылардың талғамына татып, сұранысына ие болған.
Енді «Ақ Нек» зауыты өз тұтынушыларын «Таң» атты сусынымен қуантпақшы. Тәулігіне 15 тонна қуаттылықпен жұмыс жасайтын зауыт аталған өнімді Беларусь елінен әкелінген құрғақ сүтті қалпына келтіру, сүт өнімдерін ашыту арқылы дайындайды. Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қолдау бағдарламасының қатысушысы болып табылатын «Ақ Нек» зауытының бұл жобасы «Қазақстанның Халық банкі» АҚ тарапынан қаржыландырылған. Бағдарлама 10 жылға дейінгі ұзақ мерзімге несиені 6%-бен алуға мүмкіндік берсе, ол өз кезегінде кәсіпкердің зауыт қызметінің негізгі артықшылығы болып табылатын тауар өнімінің бағасын төмен қоюға жол ашады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығының демеуімен өз жұмысын нығайта түскен зауыт өткен жылы қаймақ, айран түрлерін ыдысқа құйып, қаптауды автоматты түрде орындауға қол жеткізген. Сапалы өнім шығаруды мақсат еткен зауыттың іс-тәжірибесі мен құпиясын білуге қызығушылар көп. Зауыт алдағы уақытта көрші елдердің нарығына шығуды жоспарлап отыр.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: tumba.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше