АҚТӨБЕ. 7 тамыз. Ақтөбеде облыс кәсіподақтарының активі өтті. Актив жиналысы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының XXIV съезінің жұмыс қорытындылары және облыс кәсіподақ ұйымдарының қабылданған шешімдерді жүзеге асыруы туралы мәселелерді қарады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жиынға салалық кәсіподақтардың облыстық және қалалық комитеттері мен кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ, съез делегаттары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстық еңбек инспекциясының басшылары, кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Ақтөбе филалының өкілдері қатысты. Жиналыс барысында облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова құттықтау сөз сөйледі. Актив жиналысында еліміздің кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыру, кадрлық жұмыстар және активтер департаментінің директоры Павел Казанцев съездің жұмыс қорытындылары туралы хабарлама жасады. Мұнан кейін жиынға қатысушылар съездің шешімдерін жүзеге асыруға байланысты облыс кәсіподақ ұйымдарының ағымдағы перспективалық міндеттері қақындағы облыстың кәсіподақ орталығының төрағасы Түрікпенбай Айжарықовтың баяндамасын тыңдады.
Жарыссөзге қатысқан съезд делегаттары, мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Амантай Бимұратов, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақыткерей Қабанов, «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы кәсіподақ комитетінің төрағасы Жанжарық Күзембаев съезден алған әсерлері, қазіргі кезеңдегі кәсіподақтардың рөлі, бастауыш ұйымдардағы атқарылып жатқан жұмыстар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайында әңгіме өрбітті.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше