Шығыс өңірінде бірқатар ардагер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға және майданда мерт болғандардың рухын жаңғырту жұмыстарына үлес қосқан ардагерлік ұйымдардың мүшелеріне салтанатты түрде мемлекеттік наградаларды тапсырды.
Атап айтқанда, Георгий Гудков, Константин Гуслев, Салық Сабилянов, Григорий Северушенков, Тоқтағазы Тілеубаев, Анатолий Коротков есімді соғыс және еңбек ардагерлері «Құрмет» орденімен марапатталды. Олардың бесеуі Ленинградты, Белоруссияны, Курск доғасын және Жапонияны азат етуге қатысқан майдангерлер болса, Анатолий Коротков Лениногорск комбинатында 38 жыл еңбек еткен тыл ардагері.
Сондай-ақ, Жапонияны азат ету ұрыстарына қатысқан соғыс ардагері Елеусіз Қиынбаев және тыл ардагерлері Клавдия Гаврилко мен Мария Колмакова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Майра Бағдатова, Төкен Бұлқанов және мемлекеттік қызметке ширек ғасыр ғұмырын арнаған Төлеухан Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
– Ардагерлер – еліміздің мақтанышы. Ерліктеріңіз бен ел үшін еткен еңбектеріңіз – болашаққа қадам басқан жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Келешек буын сіздер жазған ерлік пен еңбек шежіресінен зор тағылым алады, – деді Д.Ахметов.
Сондай-ақ, өңір басшысы соғыс ардагерлері Жанақ Тұрғымбаев пен Вячеслав Мамаевтың шаңырағында болып, қарияларды Жеңіс күнімен құттықтады. Жалпы, Ұлы Отан соғысы жылдары Шығыс Қазақстаннан майдан даласына 170 мың адам аттанып, оның 96 мыңы туған жеріне оралмаған екен. Шығысқазақстандық 109 жауынгер мен офицер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, 22 жауынгер ең жоғары сарбаз наградасы – «Даңқ» орденінің толық кавалері атағына ие.
Сондай-ақ, облыстың 9 мың тыл ардагері «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Бүгінде өңірде 579 Ұлы Отан соғысының ардагері мен 27 468 тыл ардагері бар. Шығысқазақстандық ардагерлерге бюджет көздерінен 500 мың теңге көлемінде бір мезеттік ақшалай төлем табыс етілді. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен шипажайлар мен демалыс орындарына тегін жолдама берілді.
Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Динара Шүкіжанова: Жаңа Конституция бизнестің дамуының берік негізін қалыптастырады
Ата заң • Бүгін, 22:40
Қазақстандық шаңғышы қыздардың жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 22:22
Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады
Ата заң • Бүгін, 22:15
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 21:51
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк 2031 жылға дейінгі ынтымақтастық стратегиясын талқылады
Экономика • Бүгін, 21:30
Шет ауданынан шыққан спортшы республикалық асық ату турнирінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 20:48
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 6,4%-ға өсті
Өндіріс • Бүгін, 20:29
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға қанша қаражат жұмсалады?
Қаржы • Бүгін, 20:08
Абай облысында алимент өндіру тетігі күшейді
Қоғам • Бүгін, 19:55
Мемлекет басшысы құқық қорғау қызметін күшейтетін заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 19:45
Жаңа Конституцияны қолдайтын Жалпыұлттық Коалиция құрылды
Ата заң • Бүгін, 19:35
Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 19:29
Үйленгісі келмейтіндер неге көбейді?
Қоғам • Бүгін, 19:10