09 Мамыр, 2015

1945 жыл

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1945 жыл Құбылып сол кездерде тұрды аспаным, Сездіріп шаттанғанын, мұң басқанын... Қарсы алдым балалармен бірге барып, Әкемнің жаудан қайтқан құрдастарын.   Мойнына әкенің ұл асылады, Әке де бақытына бас ұрады. ...Шетте тұр шемен көңіл қара бала, Тыя алмай көзден аққан жасын әлі!..   Қырық бес! Кетпей қойдың есімнен бір, Далиып жатты дала – төсінде гүл. Өшкені талайлардың қайта жанып, Тілеуі талайлардың кесілген жыл...   Айтқали НӘРІКОВ.   ОРАЛ.