ҚАРАҒАНДЫ. 7 тамыз. Президент әкімшілігінің келісімі және Қарағанды облыстық мәслихатының мақұлдауымен Теміртау қаласының әкімі болып Ғалым Әшімов тағайындалды. Жаңа басшыны қала активіне облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков таныстырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ғалым Әшімов 1968 жылы туған. 2000 жылы Байқоңыров атындағы Жезқазған мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірді. Әр жылдарда Қарағанды облысындағы Жәйрем ауылы мен Қаражал қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, облыс әкімінің аппараты мен облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасын басқарды. Теміртау қаласының басшысы болып тағайындалғанға дейін облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болып еңбек етті.
Ал бүгінге дейін Теміртауды бес жыл басқарып келген Нұркен Сұлтанов облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: mail.ru.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше