АСТАНА. 7 тамыз. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстан жоғары оқу орындары арасында өткен VIII жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Оның нәтижесі бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жалпы есепте жеңімпаз атанды. Аталған оқу орны жарыс барысында 17 алтын және 2 күміс медалға қол жеткізді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт шарасына еліміздің барлық аумағынан 92 команда қатысты. Ойындар осы жылдың 1 маусымы мен 10 шілдесі аралығында Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Шымкент, Талдықорған және Семей қалаларында өткізілді. Қатысушылар спорттың 32 түрінен сынға түсті.
Жалпы есептегі күміс жүлде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне, ал қола медаль Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне бұйырды.
Жазғы Универсиада Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы ең ірі және кешенді спорт шарасы болып табылады. Сол себепті, бұл сайыстың бәсі айтарлықтай жоғары деңгейде.
Еуразия Ұлттық университетінің ректораты, қызметкерлері мен порфессор-оқытушылар құрамы жоғары оқу орнының студенттік қоғамына жеңіске деген жігері және салауатты өмір салтына ұмтылысы үшін үлкен ризашылық білдіреді. Жаңа оқу жылында Универсиадада топ жарған және жүлдегер атанған студенттер мен олардың жаттықтырушылары басшылық тарапынан марапатталатынын айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің баспасөз қызметі.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше