21 Наурыз, 2015

FIFA 2022 жылғы әлем чемпионаты мерзімін бекітті

1386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-03-15-FIFA-1

АСТАНА. 21 наурыз. FIFA 2022 жылы Катарда өтетін футболдан әлем чемпионаты мерзімін ресми түрде бекітті. Бұл туралы «Чемпионат.com» хабарлады. Чемпионат 2022 жылғы 18 желтоқсанда мәреге жетеді. Бұдан бұрын FIFA-ның бас хатшысы Жером Вальке жаһандық жарыстың әдеттегіден 4 күнге азайып, 28 күнге созылатынын айтып еді. Осы мәулітпен есептей келгенде, біріншіліктің 21 қарашада басталатынын білуге болады. Жақын күндерде федерацияның жұмыс тобы ұлттық құрамалардың 2019-2022 жылдар кезеңіндегі күнтізбесін жасауға кіріседі. Катар чемпионатты өткізу құқығын 2010 жылғы желтоқсанда жеңіп алды. Сол кезде-ақ бұл мундиальдың қыс айларында өткізілетіні айтылды. Себебі, жазда ауа райының ыстықтығы адам төзбестей болатын бұл елде тек салқын кезде ғана жарыс өткізуге болатын еді. Осыдан кейін әлемдегі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары катарлық Мохамед бин Хаммамның 2022 жылғы әлем чемпионатын өз елінде өткізуін қолдаулары үшін бірқатар футбол шенеуніктеріне пара бергені туралы қауесет бұрқ ете ұалған. Ал атқару комитетінің мүшесі Франц Беккенбауэр осы инцидентті тексеруге көмек беруден бас тартқаны үшін 90 күн жұмыстан шеттетілді. Бірақ пара берілгені жөніндегі ақпарды расқа шығарудың орайы келген жоқ. Дамир Қожамқұл.