21 Наурыз, 2015

Ресейдің Қазақстанмен ойнайтын ойыншылары белгілі болды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-03-2015-Rossia 01АСТАНА. 21 наурыз. Енді он күннен кейін футболдан Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізеді. Осыған байланысты Фабио Капелло бастаған Ресей құрамасының жаттықтырушылары аталған ойынға шақыртылған футболшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы Ресей футбол одағы хабарлады. Сонымен 31 наурызда Химки қаласында өтетін матчқа орыстар 24 ойыншыны шақырып отыр. Қақпашылар: Мирослав Лобанцев («Локомотив» Мәскеу), Юрий Лодыгин («Зенит» Санкт-Петербург), Артем Ребров («Спартак» Мәскеу). Қорғаушылар: Василий Березуцкий, Георгий Щенников (екеуі де ЦСКА, Мәскеу), Руслан Камболов, Эльмир Набиуллин (екеуі де «Рубин», Қазан), Алексей Козлов («Динамо» Мәскеу), Евгений Макеев, Сергей Паршивлюк (екеуі де «Спартак», Мәскеу), Иван Новосельцев («Ростов» Ростов-на-Дону). Жартылай қорғаушылар: Денис Глушаков («Спартак» Мәскеу), Алан Дзагоев (ЦСКА, Мәскеу), Роман Зобнин («Динамо» Мәскеу), Алексей Миранчук («Локомотив» Мәскеу), Павел Могилевец, Александр Рязанцев (екеуі де «Зенит, Санкт-Петербург), Магомед Оздоев («Рубин» Қазан). Шабуылшылар: Денис Давыдов («Спартак» Мәскеу), Артем Дзюба, Дмитрий Полоз (екеуі де «Ростов», Ростов-на-Дону), Дмитрий Ефремов (ЦСКА, Мәскеу), Александр Кокорин («Динамо», Мәскеу), Максим Канунников («Рубин», Қазан). Айта кетейік, Ресей аталған ойынға дейін, яғни 27 наурыз күні 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Черногориямен кездеседі. Ал Қазақстан 28 наурызда турнир шеңберінде Исландияны қабылдайды. Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылары да алдағы матчтарға шақыртылған ойыншылардың тізімін жариялаған болатын. Ол туралы мына жерден біле аласыздар. Еламан Қоңыр. Дерек: Ресей футбол одағы. Сурет: rsport.ru.