Құрметті отандастар!
Қастерлі мереке күні cіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз. Жеңіс күні – бұл ерлік пен әскери даңқ, елдің бірлігі мен ынтымағы салтанат құратын сәт. Бұл күн – Ұлы Жеңіс жолында парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай жауға қарсы тұрған, қайсар мінез батырларымыз бен тылда тынымсыз еңбек еткен асыл жандардың ерен ерлігінің, биік рухының өшпес дәлелі ретінде әрқашан біздің жүрегімізде. Ел басына күн туған сәтте туған жердің намысы үшін майданға аттанып Отан үшін жанқиярлық ерлік көрсеткен жаужүрек қаһармандарымыздың ерліктері мәңгілік ел есінде. Бұл күні біз қайсарлықтың, қайтпас рух пен жалынды жігердің хас үлгісін көрсеткен барша соғыс және тыл ардагерлерінің алдында тағзым етеміз. Бұл мереке халқымыздың мәңгілік мақтанышы болып қала бермек. Қадірлі ардагерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және тыл еңбеккерлері! Сіздер жарқын келешек үшін елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Сіздердің туған еліміздің азаттығы жолындағы жасаған ерлік істеріңізді жалғастыру, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға ырыс, ынтымақ тілейміз! Әрқашан еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Ардагерлеріміз аман болсын! Ұлы Жеңіс даңқы мәңгілік жасасын! Қазақстан халқы АссамблеясыШымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше