Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры,
медицина ғылымдарының докторы Қуаныш НҰРҒАЗИЕВ:
– Қуаныш Шадыбайұлы, бүгінде төрткүл дүниеде аты өшкір қатерлі ісікті ауыздықтау бірінші орында тұрған проблема екені баршаға аян. Бұл – біздің елімізде өткір де күрделі мәселенің бірі. Осы саланың басы-қасында жүрген басшы ретінде отандық онкология саласының бүгінгі ахуалына шолу жасап өтсеңіз?
– Біздің статистика бойынша, 2014 жылы 2 мыңға жуық қазақстандық қатерлі дертке шалдыққан. Жалпы, адамдардың өмір сүру сапасы жақсарған сайын онкоаурулар деңгейі арта түседі. Бұл – заңдылық. Барлық дамыған елдерде сондай. Мәселен, елімізде өткен жылы 34 352 науқас тіркелді. Жыл сайын науқас саны мың жарым адамға артып отыр. Бүгінгі көрсеткіштер мен жыл сайынғы өсім деңгейін қарап отырсақ, 2020 жылға қарай онкоауруларға шалдыққандар саны 45 мыңға жетеді деген болжам бар. Қазір қатерлі ісік түрлерінің құрылымы да өзгеріске түсті. Бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі, екінші орында тері обыры, одан кейін өкпе қатерлі ісігі, сосын, жатыр мойны обыры. Бұрын өкпе қатерлі ісігі екінші орында болған. Ал «енді неге тері қатерлі ісігі екінші орынға көтерілді?» деген сұрақ туады. Оның себебі, соңғы екі жылда жаңа технологиялық мүмкіндіктерді тиімді қолдана білдік. Онкологиялық көмек көрсету жүйесі бойынша білікті мамандарды дайындау курстары үздіксіз жүргізілді. Скринингке келетін, онкокөмекпен қамтылған адам саны көбейгендіктен науқастардың да саны артты, яғни диагностика күшейтілді. Бірақ өмір бар жерде өлім бар. Дамыған, дамушы мемлекеттерде онкологиялық дертке ұшырағандар көбейіп келеді. Біздің елімізде онкоаурулардан өткен жылы 16 241 адам көз жұмды. Ал қазір тіркеуде тұрғандар саны 150 мыңнан асады. Алайда, бұл жағдайға мемлекет бей-жай қарап отырған жоқ. Үкіметтің тұрғындарды әлеуметтік қорғауға бағытталған арнайы бағдарламасы бар. Осы бағдарлама негізінде халыққа үлкен көлемде көмек көрсетіледі. Бұл жерде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін, халыққа қамқорлығын ерекше атап өтер едім. Мәселен, 2012 жылғы Президент Жолдауында онкологиялық көмекті арттыру мәселесіне жіті көңіл бөлінді. Себебі, елімізде онкологиялық дерттен өлім-жітім санының көбеюі екінші себепке айналған. Жолдауда айтылған міндеттер негізінде 2012-2016 жылдары онкологиялық көмекті арттыру бағдарламасы жасалды. Қазір науқастарды дәрілік қамту жағы 86 пайызға жетті. 2011 жылы 54 пайыз ғана еді. Жоғары технологиялық орталық саны көбейтілді. Семейде, Өскеменде, Қарағандыда, Астанада бар қазір. Бұлардың санын көбейтеміз әлі де. 2010 жылы онкологиялық қызмет бюджеті 9,5 млрд. теңгеге жеткен болатын. Ал қазір 32 млрд. теңгені құрады. Біз онкологиялық ауруларға шалдыққандарды мамандандырылған емдеумен қамтуды алғаш рет 50 пайыздан 86,5 пайызға дейін көтердік. Мұның барлығы да әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан жүзеге асырылды. Бұрын 100 мың адамға шаққанда онкологиялық аурулардан қаза болғандар саны 99,4 болса, қазір 94-ке төмендеген. Себебі, біраз жылдан бері қолға алынған скрининг бағдарламалар тиімді болып тұр. Бүгiнгi таңда сүт безi қатерлi iсiгi ауруының 80 пайызы бiрiншi және екiншi сатыларында анықталуда. Бұл қуантарлық жағдай.
– Осы ретте елімізде 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық қызметті арттыру бағдарламасы қабылданғанын білеміз. Аталмыш жоба қалай және қандай деңгейде жүзеге асырылып жатыр?
– Бағдарлама 4 бағытта жүзеге асырылуда. Негізгі мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мен өлім-жітім көрсеткішін азайту. Ең бірінші – алғашқы көмек көрсету, яғни, қатерлі ісіктің алдын алу біз үшін ең маңызды жұмыстар қатарында. Өздеріңіз білесіздер, қатерлі ісікті неғұрлым ерте сатысында анықтаса, солғұрлым науқастың емделу мүмкіндігі көп әрі өмір сүру жасы ұзарады. Әрі емделуге қажетті қаржының да айырмашылығы үлкен. Сүт безiнiң қатерлi iсiгiн бiрiншi сатысында емдеу үшін бюджеттен 120 мың теңге жұмсалады. Ал төртiншi сатысында анықталса, 27 млн. теңге шығындалады. Бұл жерде мәселе қолданылатын препараттарда. Ісік неғұрлым ерте табылса, солғұрлым өзімізге тиімді. Науқастың денсаулығы үшін де, мемлекеттен бөлініп жатқан қаржы үшін де. Ал екінші мәселе – аймақтағы онкологиялық орталықтардың жұмысын дамыту. Қазір өңірлердегі диспансерлердің жағдайы жоғары деңгейде. Олар тұрғындарға жаңа аппараттармен қызмет көрсетеді. Әрине, бәрі түгелдей деп айта алмаймын, бірақ көпшілігінде жақсы. Олар науқастардың жағдайын жақсарту үшін барлық ем-шараларын жасайды. Үшінші бағыт – заманауи құрылғылармен жабдықтау. Бізде 2 жыл бұрын университет базасында 5 жоғары деңгейдегі радиология орталығы (Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Астана, Алматы) жасақталды. Олар қазір сапалы жұмыс атқарады. Дәлдігі жоғары құрылғылар 75 пайыз барлық талаптарға жауап береді. Техникалық жабдықтау да жыл санап артып келеді. Бұған қоса, барлық бағытта мамандар дайындау да ұмыт қалмайды. Яғни, онкоинститут аймақтағы онкологиялық диспансерлер мен ұйымдардың қызметін бір арнаға тоғыстырып отыр. 2012-2016 жылдарға арналған онкоқызметті арттырудың мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты – «Мамандар біліктілігін арттыру» бойынша дәрігер-мамандардың шетелдерге барып, білімін арттырып қайтуына жалпы саны 220 млн. теңге жұмсалды. 2014 жылы 83 онкомаман және 24 балалар онкологі өзге елдің тәжірибесін көріп қайтты. Оған мемлекет бюджетінен 157 202 636,5 теңге қарастырылды. Өткен жылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген 18 сарапшының қатысуымен 7 шеберлік сыныбы өткізілді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл шараларға 12 899 681,0 теңге бөлді. Келесі жылы аяқталатын бағдарлама бойынша диагностикалық қызмет жоғары деңгейде дамыды. Онкобағдарламаның толығымен жүзеге асуына байланысты жоғары дәлдіктегі аппараттармен жабдықтадық. Бұл ерте сатыда қатерлі ісікті анықтау мүмкіндігін арттырып отыр.
– Қуаныш Шадыбайұлы, бағдарламаның аяқталуына бір жыл қалды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жаңа бағдарламаның әзірленіп жатқанын айтқан еді. Осы ретте онкология саласына алдағы уақытта қандай жаңалықтар енгізілмек?
– Отандық онкологияның бірнеше мәселелері бар. Тұрғындардың бәрі алдын ала тексерілуге келгенде аса белсенді емес. Білікті мамандарды институтта дайындап жатырмыз, бірақ әлі де жеткіліксіз. Қазір паллиативті көмек көрсетуді дамытуға баса мән беріп отырмыз. Паллиативті көмек пен диагностика арқылы онкоаурулармен күресіміз нәтижелі бола түспек. Біз бұл мәселелерді 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға қостық. Алдағы жоспар бойынша да бірнеше міндеттерді белгілеп алдық. Біздің 2020 жылға дейін алға қойған басты мақсатымыз – өлім-жітім көрсеткішін төмендету, қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау мүмкіндіктерін арттыру, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту. Бұл индикаторлар мемлекеттік бағдарлама міндеттерінің қатарына кіргізілді. Сонымен қатар, қосымша онкодиспансерлерді материалдық-техникалық жабдықтауды да жүзеге асыруымыз қажет. Қолданылатын құрылғылардың әрбір адамға қолжетімді болуы қажет. Қазір қолжетімділік деңгейі 27 пайыз. Бұдан бөлек, аймақтардағы, жалпы, барлық қала-облыстардағы онкологиялық диспансерлерді толығымен соңғы үлгідегі құрылғы-аппараттармен жабдықтау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Біз отандық онкоқызметті дамытудың негізгі мәселелерін анықтап, оны бірнеше пунктке бөліп, алдағы жылғы бағдарламаға қостық. Олар: 1 – онкологиялық аурулардың алдын алу үшін ерте диагностика мен профилактиканы (скрининг) дамыту; 2 – қатерлі ісік диагностикасы мен оны емдеудің жаңа технологиялық әдістерін дамыту; 3 – білікті мамандар санын мейлінше көбейту; 4 – онкология саласындағы медицина ғылымын дамыту; 5 – онкологиялық дертке шалдыққан науқастарға алғашқы көмек көрсету жүйесін жетілдіру. Бағдарламаның өзіндік мақсаттары бар. Жаңа бағдарлама негізіне 7 бағыт алынды: 1 – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесінде профилактикалық бағытты дамыту; 2 – онкологиялық ауруларды емдеу мен диагностикасында жоғары технологиялық әдістерді жетілдіру; 3 – маман тапшылығы проблемасын шешу; 4 – онкоқызметтің инфрақұрылымын дамыту мен материалдық-техникалық жүйені жақсарту; 5 – Паллиативті көмек көрсетуді арттыру; 6 – ғылым дамуына көңіл бөлу; 7 – халықаралық протоколға сәйкес, онконауқастарды емдеуде мультидисциплинарлық әдістерді қолдану. Бұдан бөлек, дербестендірілген медицинаны дамыту да қолға алынып жатыр.
– Жақында «Болашақтың дербестендірілген онкологиясы» атты халықаралық жиын өткіздіңіздер. Дербестендірілген медицинаның қандай артықшылықтары бар?
– Бүгінгі дәстүрлі медицина жақын болашақта дербестендірілген медицинаға айналуы тиіс. Алматыда өткен «Болашақтың дербестендірілген онкологиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында шетелдік мамандар бұл ем-шара түрінің артықшылығы, қажеттілігі туралы көп ақпарат берді, өз пікірлерімен бөлісті. Біз қазір науқастарды әлемдік стандарт бойынша емдейміз. Ал дербестендірілген ем түрі бойынша әр адамға жеке, оның ағзасының ерекшеліктері, құрылымы, генінің тегі ескеріле отырып, ем-дом жасалады. Негізінен қатып қалған дүние жоқ. Әрине, бұған дейін әлемдік стандартқа бағынып келдік. Бірақ, уақыт өткен сайын алға жылжуымыз керек. Біз үшін науқастың тезірек ел қатарына қосылып, денсаулығын түзегені маңызды. Бүгінде ғылыми-техникалық өркениет қарыштап дамуда. Оны күн санап көріп жүрміз. Және жалпы ауру-сырқаулардың пайда болу себептеріне қатысты ұғымдар өзгеріп жатыр. Сондықтан, дербестендірілген медицина, дербестендірілген онкология бірінші орынға шығуда. Мұндай медицина болашақта адам баласының өмір жасын ұзартып, өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді. Қысқаша айтсақ, әрбір науқастың өзіндік, айрықша мінездемелері мен қасиеттері ескерілген медициналық көмек. Яғни, мұнда науқастың генетикалық, физиологиялық, биохимиялық және басқа да ерекшеліктері негізге алынады. Біздегі басты мақсат – алдын алу мен емдеуді оңтайландыру және дербестендіру, ағзаның өзіндік қасиеттерін, ерекшеліктерін ескере отырып, жағымсыз жанама әсерлерді болдырмау.
– Ал скрининг саласында, әсіресе, аймақтарда скрининг өткізуде шешілмеген түйткілдер қандай?
– Скрининг туралы бұған дейін де көп айттық. 11 скринингтік бағдарлама бойынша бізде 6 түрлі скрининг жүзеге асырылуда. Скрининг дегенді тұрғындарды өз денсаулығына алаңдап, аурудың алдын алуға шақыру шарасы деп түсінсек қателеспейміз. Қазақстанның бірнеше аймағында жыл сайын жүргізілетін скрининг арқылы қаншама адам өзіндегі алғашқы сатыдағы қатерлі ісіктің бар екенін біліп, емделуге ерте кірісті. Жалпы, скрининг өткізуге мемлекет тарапынан өте көп ақша жұмсалады. Мұны мемлекетіміздің халыққа жасап отырған жақсылығы деп білу керек. Мәселен, 6 скринингтік бағдарлама үшін мемлекет бюджетінен 4,5 миллион теңге жұмсалды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, анықталған қатерлі ісіктің саны – 34352, ал 1-2 сатыда табылғаны 55 пайыз. Кең таралған қатерлі ісікті емдеуге мемлекет бюджетінен 1 500 000 теңгеден 27 000 000 теңгеге дейін кетеді. Шамамен жыл сайын 2 млн. 100 адам скринингтен өтеді. Бұл шаралардың нәтижесі де жаман емес. Мысалы, бұрын сүт безінің ерте сатысындағы қатерлі ісігіне шалдыққан науқастар саны 74 пайыз болса, қазір 91,3 пайызға жетіп отыр. Жатыр мойны обырын анықтау бұрын 78 пайыз болса, скрининг енгізілген соң 95 пайызға артты. Демек, скринингке келетін адамдар саны көбейген, әрі ауруды анықтау дәлдігі артқан. 3 сала бойынша скрининг енгізіліп, 11 аймақта жүзеге асырылуда. Олар: бауыр қатерлі ісігі, өңеш және қуық асты безі қатерлі обыры. 2011 жылы қуық асты безі қатерлі ісігін анықтау көрсеткіші 56 пайыз болса, қазір 81 пайызды көрсетті. Яғни, бұрын жыл сайын осы диагнозбен 600 адам тіркеуге алынған болса, олардың саны қазір 1300. Оның 75-80 пайызы ерте сатысында анықталды. Бұл скринингтік бағдарламалардың оң нәтижесін көрсетеді. Осыған сәйкес, скринингке бөлінетін қаржы да көбейе бермек. Енді, болашақта Ұлттық скрининг бағдарламасын енгізетін 5 аймақ қалды. Ал аймақтардағы онкодиспансерлер заманауи құрылғылармен толықтай жабдықталмаған. Бірақ бұл проблеманы шешудің жолдары қарастырылып жатыр. Бұдан соң, халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілікті толығымен сезіне алмауы, және қатерлі ісікті анықтау деңгейінің төмендігі тағы бар.
– Ал аймақтарда онкологиялық аурумен күресте жергілікті атқарушы орындар көмек көрсете ме?
– Иә, олар жергілікті онкодиспансер мамандарымен байланыста болады. Және әкімдіктің денсаулық сақтау мәселесімен айналысатын бөлім сол аймақтағы скрининг көрсеткіштерін жіті бақылауға алады. Біз енді алдағы уақытта скрининг сапасын арттыруымыз қажет. Яғни, тексерілуге келетін тұрғындар санын бұрынғыдан да арттыра түсу керек. Қатерлі ісік бойынша 65-тен асқандар арасында скрининг өткізу көрсеткіші 44 пайызға жетті. Дәл осы жастағылар арасында қатерлі ісікке шалдығу ықтималдығы жоғары. Күнделікті ақпараттардан естиміз. Онкологиялық аурулар саны көбейіп келеді, бірақ оны емдеудің сапасы да артып отыр. Мәселен, өңеш қатерлі ісігінен зардап шеккен науқас арнайы құрылғының көмегімен айналасындағылармен сөйлесе алады. Бұл құрылғының сапасы жоғары, әрбір науқасқа жеке дайындалады. Дәрігерлердің тапсырысы бойынша. Қазір диспансерлерде емделу үшін кезек жоқ. Институттың күндізгі стационарында емделетіндер саны 32 пайызға артты.
– Ал таргеттік терапияның дербестендірілген медицинадан қандай айырмашылығы бар?
– Таргеттік терапияны дербестендірілген медицинаның бір бөлігі деуге болады. Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша аймақтарда осы таргеттік терапияны дамытуға баса көңіл бөлініп отыр. Бұл жерде белгілі бір бағытта ем жүргізіледі. Арнайы 5 топ аймақтарға шығып, ол жақтағы онкоқызмет деңгейін бақылап, талдау жасайтын болады. Онкологиялық ауруға ұшыраған жандарға қызмет көрсетуін қадағалайды. Халықаралық стандартқа сай келе ме, диагностика мен профилактикасын зерттейді. Облыстардағы әрбір ауданға осындай топ барып, аудандық онкологтарды, дәрігерлерді онкоқызмет төңірегінде жұмылдырады. Олардың диагностикасын, кадр дайындауын қадағалайды. Ал әкім орынбасарлары онкоқызметтегі өзекті мәселелерді әкімдіктің бақылауындағы денсаулық сақтау ұйымдарының күн тәртібіне қосуға міндетті. Бұл топтың тағы бір міндеті скринингті сапалы өткізуді ұйымдастыру болып саналады. Үшіншіден, халықты барынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді.
– Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты республика бойынша жоғары мамандандырылған орталық болып есептеледі. Өзіңіз басқарып отырған бұл институтта қандай жаңа диагностика, емдеу әдістері енгізілді?
– Әрине, біздегі дәрігерлердің біліктілігі және медициналық құрал-жабдықтар ең жоғары деңгейдегі емдеу, анықтау әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді. Дәлдігі жоғары компьютерлік томография, соңғы үлгідегі узи-аппараттар мен эндоскопиялық құрылғылар және сәулемен емдеу аппараттары орнатылған. Ең басты артықшылығы, біздегі сәулемен емдеу аппараттарымен тек ісік орналасқан аймаққа ғана сәуле жіберіледі және оның сезімталдығы жоғары болғандықтан адамның тыныс алуына қарай сәулемен емдеу реттеліп отырады. Қалған сау ағза мүшелеріне зақым келмейді. Мұндай сәулемен емдеу аппараттары еліміздің төрт аймағында орналастырылған: Алматы, Астана, Семей және Ақтөбе қалаларында. Және эндоскопиялық аппараттар бар. Олар барлық бағытта ісікті емдеуге бағытталған. Бұл аппараттардың көмегімен check-up жүйесін енгізуге мүмкіндік зор. Институт базасында 117 маман ерте диагностика мен профилактика бойынша арнайы курстардан өтті. Институт резидентурасында 3 сала бойынша мамандар даярлау жүргізіледі. Олар: онкология (балалар онкологиясы бірге), сәуле диагностикасы, сәуле терапиясы. 2014 жылы 850-дей дәрігер-мамандар шетелдерде біліктілігін арттырып, тәжірибе жинап қайтты. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының 183 маманы әлемнің озық 18 елінде болып, тәжірибе алмасты.
– Жалпы, онкологиялық ауруды анықтау және емдеу өте ұзақ уақытты қажет етеді. Осы ретте нарыққа бейімделіп, уақыт жағынан тиімді қызмет түрлерін енгізу мүмкін бе?
– Әрине, біз институтта check-up жүйесін енгізіп жатырмыз. Бұл жүйе бойынша бір адам 1-2 күннің ішінде толықтай тексеруден өтіп, мамандардан кеңес алады. Яғни, уақыты тығыз, ары-бері сабылмай кешенді түрде тексерілгісі келетіндерге арналған қызмет түрін ұсынып отырмыз.
– Паллиативті көмек туралы айтып өтсеңіз. Науқастар үшін психологиялық көмектің де орны ерекше. Диагнозын естігендердің көпшілігі өмірден күдер үзіп, түңіліп кетеді. Психологтар санын көбейту жоспарларыңызда бар ма?
– Әлеуметтік жұмысшылар мен психологтар санын көбейту жоспарда тұр. Қазірдің өзінде республика бойынша 25 психолог, әлеуметтік жұмысшылар бар. Алдағы уақытта бұл кадрлардың санын арттырып қана қоймай, олардың жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етпекпіз. 2014 жылы Алматыдағы С.Асфендияров атындағы медициналық университетінде мамандардың біліктілігін арттыру курстары өтті. Психологтардың науқастармен тіл табысып, дәрігерлерге көмектесуі аса маңызды. Осыны ескеріп, үш жыл қатарынан шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Ол жерде мамандар білімдерін жетілдірді. Жалпы, отандық онкология саласы қатерлі дертке ұшыраған кез келген науқасқа қол ұшын созуға дайын.
– Әңгімеңізге рахмет! Жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.
Әңгімелескен
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
• 24 Маусым, 2015
Елбасының әлеуметтiк бағыттағы саясатының арқасында онкология саласы жаңа деңгейге көтерiлiп келедi

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше