09 Мамыр, 2015

Әлия рухына адалдық

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында облыста көптеген мерекелік шаралар ұйымдастырылып, қайырымдылық акциялары қанат қағуда. Осындай адами имандылық ісіне Ақтөбе облысының судьялар қауымдастығы да атсалы­сып, «Ардағым – ардагерім» атты акция­ны жүзеге асыруда. Акцияның қатысу­шылары ардагерлердің үйіне барып, тұр­мыста көмектерін тигізіп, керекті азық-тү­лік, дәрі-дәрмек, тұрмысқа қажетті құрал­дарын табыстап, жылы лебіздерін білдіреді. Облыстың судьялар қауымдастығы аты­нан Қазақстан Республикасы судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасы Дәмеш Әбдәлі мен облыстық соттың кеңсе бас­шысы Әсет Мәмбетов Кеңес Одағының Баты­ры Әлия Молдағұлованың сіңлісі Әліп Үсенованың үйіне барып, келе жатқан мерекемен құттықтап, жолына 200 мың теңге ұстатты. – Менің жасым қазір 75-те, қанша өмірім қалғанын Алла біледі. Сондықтан, соңғы рет апамның басына барып, топырақ салсам, содан кейін тыныш ұйықтайтын боламын. Қазақтың Батыр қызының рухына адалдық танытып, менің жағдайымды түсінгендеріңе мың да бір рахмет, өркендерің өссін, – деді Әліп апа ризашылығын білдіріп. «Ардағым – ардагерім» қайырымдылық акциясының жұмысы бір айға созылады. Акция аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен судьяларына арнап облыстық сот ғимаратының алдында мемориалдық тақта ашу көзделуде. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».  Ақтөбе облысы.