АСТАНА. 24 маусым. Жақында Шымкент қаласының 52 жастағы тұрғыны әнші Гауһар Әлімбекованы жақсы көретінін, оны өмірлік жар еткісі келетінін баспасөз арқылы білдірген еді. Осыған орай әнші ұсыныс жасаған адамға өз жауабын берді. Бұл туралы «Замана» газетіне сілтеме жасап ras.kz хабарлады.
Әнші Гауһар Әлімбекова: «Бұл кісінің тосын әрекетіне таңданып отырмын. Егер ол ақыл-есі бүтін, өн бойында кемістігі жоқ жан болса, сезімін неге менің өзіме келіп айтпайды? Құдайға шүкір, қазір заман дамыған. Байланысудың да түрлі-түрлі тәсілдері бар. Өзіме келіп, жағдайын айтып, ұнатып жүргенін білдірсе, онда әңгіме басқаша болар ма еді… Өзінің жеке өмірін, сезімін күллі жұртқа жария еткенін онша түсінбей отырмын», – деді.
Ал Алмабек Ташметов есімді азамат бұдан шамалы күн бұрын әйелі ауыр дерттен қайтыс болғанын, қазір жалғыздықтан жабығып жүргенін, мүмкіндігі болса, әлі тұрмыс құрмаған Гауһар Әлімбековаға үйленгісі келетінін айтқан еді.
«Жақында Республика сарайында жеке ән кешімді өткіздім. Сонда әзілдеп, жүрегінің түгі бар азаматты іздеп жүргенімді айтып едім. Шамасы, бұл кісі содан кейін ойланған болса керек. Енді… Бұйырғанын көрерміз. Бірақ дәл қазір ол кісімен кездесейін, көрейін деп айта алмаймын», – деп ашығын айтты Әлімбекова.
Сонымен қатар, танымал әнші бүгінге дейін тұрмысқа шығып, отбасы құрмауының себебін түсіндірді.
«Жолыққан жоқ қой. Әлі күтумен келемін. Жалпы, отбасын құру, тұрмысқа шығу өте жауапты мәселе. Мен бұған немқұрайды қарай алмаймын. Жасыратын несі бар, маған сезімін білдіретін азаматтар аз емес. Бірақ жүрегімді дір еткізіп, өзіне бірден баурап алатын жанды әлі кездестірген жоқпын. Шыны керек, кейде жұрттың мен туралы айтқан әртүрлі әңгімелерінен шаршаймын, көзді тарс жұмып, алдымнан шыққан азаматтың етегінен ұстай салғым келеді. Сөйтіп, елдің өсегінен құтылсам ба деп те ойланам. Бірақ олай істей алмайды екенмін. Базбіреулер секілді бай-бағландардың екінші әйелі немесе азаматтық некедегі ашынасы да бола алмаймын. Өйткені, ондай қылық менің табиғатыма жат. Мен ауылдың, ата-ананың, кемпір-шалдың тәрбиесінде болған, қазақтың ырым-тыйымын, салты мен дәстүрін санама сіңіріп өскен қызбын. Ақша, атақ үшін өзім сүймеген адамның соңынан еріп кете алмайды екенмін», — деді Гауһар Әлімбекова.
Әңгіме соңында әнші өзінің Instagram, Facebook секілді әлеуметтік желілерде не үшін отырмайтынын да айтты.
«Инстаграмыңыз» не, «Уатсап» дегеннің өзін енді меңгерудемін. Жұрт алдына шыға бергенді ұнатпаймын. Әлдебіреулер секілді не ішіп-жегенін, қандай киім кигенін, бүгін кімнің тойында ән салғанын, тіпті тоңазытқышында қай жылғы соғымның жатқанын айтып, ел алдында елпілдей беретіндерден емеспін. Әлеуметтік желіде жағдайы төмен, бірнеше жылдық соғым түгілі бір кило ет таба алмай отырған адамдар да бар шығар. Сондықтан олардың көңіл-күйін түсіріп, қызғанышын тудырып, майда-шүйде нәрсені жарыққа шығара бермеген жөн. Әр адамның өзінің жеке өмірі, жұртқа жаюға болмайтын құпиясы болуы керек. Сонысымен де тартымдырақ көрінеді деп ойлаймын», – дейді әнші.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: ras.kz.
• 24 Маусым, 2015
Әнші Гауһар Әлімбекова екінші әйел болмайтынын мәлімдеді

8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 23:00
Төлем нарығындағы өсім: 1 млрд-тан астам транзакция өңделді
Банк • Бүгін, 22:30
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Бүгін, 22:05
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Бүгін, 21:45
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Бүгін, 21:30
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05