Хоккей • 07 Қараша, 2025

«Барыс» – «Автомобилист» матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 7 қараша күні, Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында кездесу өтеді. Онда «Барыс» екатеринбургтік «Автомобилист» командасымен ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Барыс» – «Автомобилист» матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады?

фото: Барыс ХК

«Барыс» – «Автомобилист» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:30-да басталады және оны Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Биылғы ҚХЛ маусымында 24 матчтан кейін «Автомобилисттің» қоржынында 30 ұпай бар, ал «Барыс» дәл сондай ойын санынан кейін 19 ұпай жинаған.

Өзінің соңғы «тұрақты маусымдағы» ойынында «Барыс» өз алаңында уфалық «Салават Юлаевтан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды, ал «Автомобилист» өз мұз айдынында нижегородтық «Торпедоға» 0:2 есебімен есе жіберді.

Еске сала кетсек, «Барыс» ҚХЛ-дегі қатарынан төртінші ойынында жеңіліске ұшырады. Хоккейшілер нижнекамдық «Нефтехимиктен» ұтылды. Сондай-ақ Челябинскідегі сырт алаңдағы матчта да жеңіліс тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15