Шығыс өңірінде «Абай жеріндегі саяхат» атты блог-сапар өтті. Абайдың 170 жылдық мерейтойы аясында Шығыс Қазақстанға арнайы келген блогерлер қауымы бір апта бойы өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, ақынның туған жерінде болды. Сондай-ақ, олар облыстағы туристік және спорттық кластердің дамуымен танысты. Блог-сапар бағдарламасы облыс орталығында басталып, әлеуметтік желіні белсенді қолданушылар Ертістің сол жағалауындағы саябақ кешенінде, этноауылда, ашық аспан астындағы музейде, Халифа Алтай атындағы облыстық мешітте, облыстық драма театрында болды. Сонымен бірге, жаңа спорттық нысандар – О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі, орталық бассейн және жекпе-жек сарайындағы спорттық кластерді дамыту жобасымен танысты.
– Әсіресе, этноауыл ұнады. Қазақ, орыс, корей, белорус, шешен, украин және басқа да ұлттардың қонысын көріп, әрқайсысының мәдениеті мен тарихынан хабардар бола аласыз. Бұл үйлердегі әр зат – бағалы жәдігер. Негізінен, этностар өздерінің тарихи жәдігерлерін осында орналастырыпты. Маған чешен мен грузиннің қоныстары ұнады, – деп жазды ақын Т.Таңжарық әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Блог-сапар барысында қонақтар облыстың туризм саласын дамытудағы жобаларымен де танысты. Катонқарағай және Зырян аудандарында ауылдық туризмді дамыту жобалары жөнінде білген олар Берел қорғандары мен марал шаруашылықтарында болды.
Белгілі блогер Максим Рожин өз парақшасына: «Абай жеріне саяхат барысында Шығыс Қазақстан өңірінде мені де, сапарластарымды да қатты таңғалдырғаны – күнбағыс алқаптары. Жергілікті жігіттердің айтуынша, елімізде егілетін күнбағыстың 80 пайызы осы өңірде жиналады, – деп жазды.
Семей қаласында жалғасқан саяхат арқылы меймандар Абай мерейтойына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты. Хакімнің өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректермен танысып, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайында, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде болды. Сондай-ақ, блогшыларды Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде өткен «Абай және әлемдік өркениет» атты ғылыми-тәжірибелік конференция мен «Адамзаттың Абайы» атты салтанатқа қатысты.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
• 08 Тамыз, 2015
Ақын жеріндегі саяхат әлеуметтік желіде әспеттелуде

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36