Теннис • 08 Қараша, 2025

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына шықты

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елена Рыбакина алғаш рет мансабында WTA маусымның қорытынды турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына шықты

Ол жартылай финалда әлемнің бесінші ракеткасы Джессика Пегуланы 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Бірінші сетте Елена қарсыласына жол берді, алайда келесі партияларда сенімді ойнады.

Финалда қазақстандық спортшы Арина Соболенкомен кездеседі. Финалдық матч бүгін, 8 қарашада өтеді.

Бұл нәтиже — тек Елена үшін емес, бүкіл қазақстандық теннис тарихы үшін де тарихи жетістік. Бұған дейін Қазақстан атынан шыққан ешбір теннисші жылдың қорытынды турнирінің финалында ойнаған емес.

Соңғы жаңалықтар