ПАВЛОДАР. 24 маусым. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары мерекесі қарсаңында облыстық «Қазақстан – Павлодар» телеарнасының ұжымы өңірдегі БАҚ өкілдері арасында волейболдан турнир ұйымдастырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жарыс Павлодар ауданы Заря ауылының спорттық кешенінде өтті. Турнирге БАҚ өкілдерінен құралған 10 команда қатысып, бақ сынады. Бұған ерлер арасында өткен жарысқа «Сарыарқа самалы» газеті, «Халық радио» облыстық радиосы, «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы, «Ертіс Информ», «Қазтелерадио», баспасөз қызметтерінің құрамасы, универсиететің журфак құрамасы, Железинка ауданының БАҚ құрамасы қатысса, әйелдер жарысында «Халық радиосы қыздары» мен «Қазақстан-Павлодар қыздары» командалары бақ сынасты.
Турнир соңында «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының «Ертіс Информ» құрамасы үшінші орынды иеленді. «Ең үздік ойыншы» аталымы бойынша «Сарыарқа самалы» газетінің редакторы Асыл Әбішев пен «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының тілшісі Ақмарал Елшін марапатталды.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz