06 Шілде, 2010

СТУДЕНТТЕР ҚАУЫМЫНЫҢ АЛҒЫСЫ

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының атына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттерінен хат келді. Хатқа Б.Бақкелдіқызы, М.Ушатов, Н.Бұлдыбаев, И.Бұлақбаева, А.Мұсанова, Н.Нұрпейісов, Қ.Мақашев, А.Байтасов, О.Жұматаев, С.Шаханова қол қойған, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Еліміздегі байырғы жоғары оқу орнының студенттер қауымы атынан жолданған хатта авторлар Елбасын Елорда күнімен құттықтай отырып, ең ізгі тілектерін былайша білдіреді: “Біз, тәуелсіз Қазақстанның жа­лынды да жігерлі жастары, ғылым мен бі­­лімнің, өркениет пен жоғары техно­логиялардың қарыштап дамып жатқан кезеңінде, татулығы мен бірлігі жа­рас­қан тәуелсіз мемлекетте өмір ке­шіп жатқанымызға шексіз бақы­т­ты­мыз. Қазақстанның дарынды студент­те­рі шет елдерде “Бола­шақ” бағдар­ламасымен оқып, озық тәжірибесін мемлекетіміздің өркендеуіне жұмсауға мүмкіндік алып отыр. Студент­тер­дің әлеу­мет­тік жағдайларын жақсарту мақсатында мемлекеттік гранттар саны ұлғайып, шәкіртақы мөлшері жыл өткен сайын артуда. Соны­мен қатар, студенттік жатақ­ха­на­лардың аумағы кеңейтіліп, өмір сүру жағдайы барынша жақсара түсуде. Бүгінгі күні мемлекетімізде сауатты, парасатты жастардың жаңа толқыны өсіп, қалыптасып келеді. Осының бар­лығы, аса қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз жүргізіп отырған сындарлы саясатыңыздың жемісі, жастарға артылған зор сенім мен үлкен қамқорлық деп білеміз”.