06 Шілде, 2010

ПИАНИНО ПІРІ КЕЛДІ

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қала күні мерекесі қарсаңында еліміздің классикалық музыка сүйер қауымы зор қуанышқа кенелді. Бұл жолы Астана тойына әлемге әйгілі орыс пианисі Денис Мацуев келді. Астана қаласы көп шаһардың бірі емес, ол нағыз өнер туындысы екен, деп атап өтті Денис Мацуев қазақстандық журналистермен кездесуінде. Мен аз ғана уақыт ішінде өсіп шыққан осынау өнер туындысына қайран қалдым. Қала ішіндегі тазалықты, зәулім ғимараттарды айтпағанда, Астана нағыз жақұттай көз тартатын, сұлу қалаға айналыпты. Сондай-ақ ол өзінің концерті туралы да айта кетті. Пианист үшін ең бастысы микрофонсыз ойнай алатын, акустикасы жақсы зал өте маңызды екен. Оның айтуынша, Ресейде бір мәселе бар, ол классикалық музыка үшін дәл біздегідей концерттік залдардың жоқтығы көрінеді. Бүгінде Денис Мацуевтің жеке концерттерінің кестесі бірнеше жыл бұрын алдын ала жазылып қояды. Нью-Йорктегі Carnegіe Hall мен Lіncoln Center-де, Вашингтондағы Kennedy Center, Париждің Salle Gaveau, Зальцбургтегі Mozarteum, Гамбургтегі Musіkhalle, Венадағы Musіkvereіn, Лондондағы Royal Festіval Hall-да үлкен аншлагпен өз классикалық концерттерін берген. Денисті енді “Қазақстан” орталық концерт залы қабылдады. Қазақстанда тұңғыш рет өткен концертті тамашалаған көрермендер кештен баға жетпес рухани ләззат алды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.
Соңғы жаңалықтар