08 Тамыз, 2015

Ақпарат ағындары

356 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  • «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қыркүйекте тұрғын үйге қа­тысты өтініштерін қабылдауды бастайды. Бұған «Халықтың барлық санатына арналған тұр­ғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес ке­летін тұлғалар қатыса алады.
  • Алматыда Шекара қыз­меті академиясының жаңа оқу нысанының іргетасы қаланды. Оқу бекеті болашақта ҚР ҰҚК Шекара қызметімен Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан мем­лекеті үшін шекарадағы бақылау-өткізу бекеттерінде қызмет атқа­ратын кәсіпқой офицерлерді даяр­лауға пайдаланылады. Айта кетейік, жоспар бойынша құры­лыс биылғы жылдың қазан айын­да аяқталады.
  • Қарағанды облысының Те­міртау қаласында металл бұй­ымдарын шығаратын цех іске қосылды. Жобаның құны 302,1 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, цехта жаңадан 20 жұмыс орны ашылды.
  • Ақтөбеде 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 9,3 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба іске қосылады. Сонымен қатар, биыл 5,1 млрд. теңгеге 5 жобаны аяқтау және олардың базасында 220 жаңа жұмыс орнын құру жос­парланып отыр.
  • Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 2 млрд. 450 млн. теңге қаралды. Бұл қаражаттың 7 млрд. 258,5 млн. теңгесі агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және азық-түліктік, ветеринариялық, фито­санитариялық қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге қарастырылған.
  • Атырау облысында Ас­тра­хань–Маңғыстау су құбы­рының жұмысы қайта жанданды. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың хабарлауынша, енді аталған құбыр арқылы ауыз­су тұрғындарға қалыпты тех­нологиялық режімде жеткі­зі­летін болады.
  • Петропавлда алдағы оқу жылы қарсаңында 36 мектепке жаңа оқулықтар сатып алу үшін қалалық және рес­пуб­ликалық бюджеттен 156 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, білім бөлімі 14 баспаханамен келісімдер орнатып, қаладағы мектептерді 100 пайыз оқулықпен қамтуға қол жеткізді.
Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі және «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.