08 Тамыз, 2015

Ақпараттық хабарлама

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бағаланғанның бағы биік Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2015» конкурсы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнін­дегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын 2015 жылы өткізу басталғанын хабарлаймыз. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіп­керлік субъектілер (бұдан әрі – үміткерлер) қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары екі санат бойынша: 1. шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі; 2. ірі кәсіпкерлік субъектісі; және мынадай номинациялар бойынша беріледі: 1.«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.). 2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіп­орын». Бұл номинацияда үміткерлердің еңбек жағдайларын құруда жұмыскерлердің еңбек ету барысында денсаулығын сақтау әрекеті қаралады. 3.«Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинация­да Қазақстан Республикасының заңнамасында көз­делген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады. 4.«Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номи­нацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде «Парыз» конкурсына белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Конкурс жөнінде толық ақпаратты 57-87-66, 57-89-08, 57-89-12 (Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы), 55-54-80 (Астана қаласының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы) және 22-65-95 (Астана қаласының экология департаменті) телефондары арқылы алуға болады.