Аймақтар • 18 Қараша, 2025

Шымкентте зағип жандарға арналған алғашқы фестиваль өтті

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымқалада «Арман Шыңы» атты республикалық инклюзивті шығармашылық фестиваль өтті. Өнер кеші көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың шығармашылық қабілетін кеңінен танытуға, қоғамда инклюзивті мәдениетті дамытуға және тең мүмкіндіктер қағидатын нығайтуға арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте зағип жандарға арналған алғашқы фестиваль өтті

Фестиваль арқылы ерекше жандардың өнері, өмірге деген құштарлығы паш етілді. Мәдени іс-шара талант пен төзімнің, жігер мен үміттің тоғысқан ордасы болды.

Биыл алғаш рет өтіп жатқан республикалық деңгейдегі фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен – атап айтқанда Алматы, Тараз, Өскемен, Қарағанды, Семей, Павлодар қалаларынан және өңірлік арнайы кітапханалардан талантты 30 өнерпаз қатысып, бес түрлі номинация бойынша бақ сынады.

Сайыс номинациялары тактильді өнер, хореографиялық өнер, әдеби шығармашылық, музыкалық өнер, театр әлемі болып бөлінді. Үміткерлердің әрқайсысы өнері арқылы ішкі жан сырын ұғындырды, өмірге деген сенім махаббатарын білдірді. Көру қабілеті нашар болса да, жүрегі ашық көкірек көзі ояу екенін сездірді.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025