09 Мамыр, 2015

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

240 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 29 мамырда (Астана уақытымен) сағат 11.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі – қағида) сәйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд әдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1. Газ-2705-34 автомобилі, тіркеу нөмірі 824AН04, 2005 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, 12-шағын аудан, 30 «А» үй. Баланс ұстаушы – «ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы» MM. Алғашқы бағасы – 127 000 теңге. Бастапқы бағасы – 1 270 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 67 493 теңге. Кепілді жарна – 19 050 теңге. 2. Газ-322132 автомобилі, тіркеу нөмірі D015NS, 2000 жылы шығарылған. Орналасқан жері- Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 25. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ. Алғашқы бағасы – 75 000 теңге. Бастапқы бағасы – 750 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 39 858 теңге. Кепілді жарна – 11 250 теңге. 3. Ваз-21060 автомобилі, тіркеу нөмірі D023NS, 1999 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 25. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ. Алғашқы бағасы – 40 000 теңге. Бастапқы бағасы – 400 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 21 258 теңге. Кепілді жарна – 6 000 теңге. 4. Ваз-21213 автомобилі, тіркеу нөмірі D045NS, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Теміржолшылар көшесі, 1. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ. Алғашқы бағасы – 68 000 теңге. Бастапқы бағасы – 680 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 36 138 теңге. Кепілді жарна – 10 200 теңге. 5. Ваз-21213 автомобилі, тіркеу нөмірі D046NS, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі, 84. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ. Алғашқы бағасы – 118 000 теңге. Бастапқы бағасы – 1 180 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 62 710 теңге. Кепілді жарна – 17 700 теңге. 6. Ваз-21213 автомобилі, тіркеу нөмірі D047NS, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 25. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ. Алғашқы бағасы – 101 000 теңге. Бастапқы бағасы – 1 010 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 53 676 теңге. Кепілді жарна – 15 150 теңге. 7. Уаз-31519 автомобилі, тіркеу нөмірі 096АА04, 1998 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, 101-атқыштар бригадасы көшесі, 2. Баланс ұстаушы – «Қазгеодезия» РМҚК. Алғашқы бағасы – 103 000 теңге. Бастапқы бағасы – 1 030 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 54 738 теңге. Кепілді жарна – 15 450 теңге. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді: Кепілді жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; банк – «Қазкоммерцбанк» АҚ; ЖСК KZ529261501102032004; БСК KZKOKZKX; БСН 050540004455; КБе 16, КНП 171; төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді). Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді. Аукционға қатысу үшін мына құжаттарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсетіп, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталында енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қа­тысуға өтінімді қағиданың қосымшасына сәй­кес объект бойынша тізілімнің веб-порталын­да тіркеу қажет. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді қағидаға қосымшаға сәйкес объекті бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының өтінімді қатысу және тіркеу бойынша талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталуға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдаланып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер электрондық аукцион басталған сәттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдаланып сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып танылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде Ақтөбе қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі, 33, 403-бөлме мекенжайында қол қойылады. Бұл ретте аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемле­­­­кеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын мін­детті түрде көрсете отырып, олардың көшір­меле­рін не нотариат куәландырылған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстыр­ғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Қағидаға сәйкес, сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, ол енгізген кепілді жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілді жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалының орнын толтыратындығын қоса хабарлаймыз. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан және 8 (7132) 54-44-54 телефоны арқылы алуға болады.