Қоғам • 19 Қараша, 2025

«Өзінің үйі емес»: Депутат қызметтік пәтері туралы мәлімдеме жасады

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек және оның жұбайы әлеуметтік желіде тараған қызметтік пәтер туралы дауға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

«Өзінің үйі емес»: Депутат қызметтік пәтері туралы мәлімдеме жасады

5 қарашада депутаттың жұбайы Әдел Әділова Instagram парақшасына қызметтік баспанасын таныстырып видео жариялаған. Осыдан кейін көптеген қолданушы «олар бұл үйде тұрмайды» деп пікір жазған.

Кейінірек жұбайлар арнайы видеоүндеу жасап, отбасылық өмірі мен күнделікті тіршілігі туралы айтты.

«Алдыңғы Reels көп қаралды. Бізді «бұл депутаттың үйі емес» деп сынға алды. Міне, көріп тұрсыздар,  сол диван, сол шкаф. Бізді кішкентайымыздан өтірік айтпауға, шындықты ғана айтуға үйретті», деді депутат бейнероликте. «Иә, біз осы үйде тұрамыз. Ал хейтке сабырмен қараймыз. Көп азаматтың «депутаттың үйі» туралы өзіндік түсінігі бар. Біз тек шындықтың бір бөлігін көрсеткіміз келді. Сол шындық кейбіреуге жақпаған сияқты. Болғаны осы», деді ол.

Депутаттың отбасы

Жұбайлардың айтуынша, олар 2016 жылы танысқан. Сол кезде Әдель Әділова заңгер қызметінде болған, ал Бақытжан Базарбек қоғамдық жұмыстармен айналысып жүрген.

Депутаттың айтуынша, олардың отбасында міндеттердің бөлінісі деген жоқ.

«Бұл – біздің үйіміз. Үйдің таза, жайлы болуы үшін әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Сондықтан Парламенттен келгеннен кейін мен де үй жинаймын», деді ол.

Бақытжан Базарбек туралы

1981 жылы Таразда туған. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы Мәскеудің халықаралық бизнеc жоғары мектебі – MIRBIS-те «мұнай-газ саласындағы экологиялық менеджмент» бағытында MBA дәрежесін алған. Сондай-ақ құқық, экономика және менеджмент бойынша магистрлік білімге ие.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50