21 Наурыз, 2015

Лев Яшин: «Доп ешқашан қолыма кеп қона салған жоқ»

354 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

21-03-15-iashin-0

Бұдан тура 25 жыл бұрын, 1990 жылғы 20 наурыз күні аты әлемге мәшһүр кеңес футболшысы, даңқты қақпашы Лев Яшин қайтыс болды. Ол – Олимпиялық ойындардың және Еуропаның чемпионы, КСРО-ның бес дүркін чемпионы, XX ғасырдың ең үздік қақпашысы және «Алтын доп» жүлдесіне қол жеткізген жалғыз голкипер.

21-03-15-iashin-1

Әйгілі дарбазашы өзінің спорттық жолын 1949 жылы Мәскеудің «Динамо» командасының қақпасын қорғаудан бастады. Ол 1950-1953 жылдары сонымен қатар динамошылардың хоккей жасағы сапында да ойнады. Онда да қақпаны қорғады. Яшин спорттың осы түрі бойынша 1953 жылы тіпті КСРО Кубогын жеңіп алып, Одақ чемпионатының қола жүлдегері болды. Ал 1954 жылдың басында хоккейден КСРО құрамасы сапына да шақырылды. Бірақ осы тұста өзінің күш-жігерін енді бір ғана спорт түріне – футболға аудару жөнінде шешімге келген спортшы одан бас тартты. Содан бастап тек футболмен айналысқан Лев Яшин 1971 жылы қолғабын шегеге ілгенге дейін жоғарыда айтылған атақ-даңқтарының бәріне осы аралықта қол жеткізді.

21-03-15-iashin-3

Атақты қақпашы «Динамо» сапында бес рет (1954, 1955, 1957, 1959 және 1963 жылдар) КСРО чемпионы болды және үш рет КСРО Кубогын жеңіп алды. 1954 жылы футболдан КСРО құрамасына да шақырылған ол онда жалпы саны 78 ойын өткізді. Яшин құрамамен бірге 1956 жылы Мельбурнда өткен Олимпиаданың, сосын 1960 жылы Еуропаның алтын медалін жеңіп алды.

21-03-15-iashin-4

Лев Яшин өзінің «Қақпашының жазбалары» (1976 жыл) деген кітабында: «Спорттың даңқы мені айналып өтті деп шағым жасай алмаймын. Және мен туралы аз да жазылған жоқ. Бірақ менің еншіме «құс-адам» немесе «жолбарыс-адам» деген секілді теңеулер тиген емес. Бұл дұрыс та. Мен құбылыс саналатын адамдар қатарына жатпаймын. Ешқашан аяқатыр мені аспанға қарай ала тартқан емес, керісінше кезекті допты қағып алу үшін әрбір жолы көкке қарай секіргенімде, жердің тартылыс күшінің зор екенін сезінумен болдым. Ешқашан доптың өзі келіп, менің қолғабыма жабыса салмапты», - деп жазды.

21-03-15-iashin-5

1963 жылы Лев Яшин ағылшын футболының жүз жылдығына арналып Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткізілген матчта әлем құрамасы үшін ойнады. Сол кездесуге қатысқан француз футболшысы және шабуылшысы Раймон Копа кейін былай деп жазды: «Лев, шамасы, әлем құрамасының жаттығуында барлық күшіңді сарқа жұмсаудың қажет емес екенін, оның шоу түрінде өтетінін сезінбеген сияқты. Әлде Одақта оған намысты қолдан бермеу тапсырылған, әлде оның өзі сондай болуы керек. Ойынның өзі туралы не айтуға болады – ол үшін басты мәселе қалай болғанда да доп жібермеу болды және ол соған қол да жеткізді».

21-03-15-iashin-6

1971 жылғы 27 мамыр күні Мәскеудегі «Лужники» стадионында 103 мың адамның қатысуымен Лев Яшиннің футболмен қоштасу матчы ойналды. Бұл кездесуде Мәскеу, Киев, Тбилиси қалаларының «Динамо» клубының ойыншыларынан құралған спорт қоғамының таңдаулы ұжымы әлем құрамасымен күш сынасты. Жаһан жасағы қатарында Эйсебио, Бобби Чарльтон, Герд Мюллер секілді жұлдыздар алаңға шықты. Яшин кездесу барысында алаңнан кетіп бара жатып, өзінің қолғабын 23 жасар командаласы Владимир Пильгуйге тапсырды. Кездесу 2:2 деген символдық есеппен аяқталды.

21-03-15-iashin-7

Лев Яшин – көптеген ғажайып рекордтардың иегері. Ол 22 маусым бойы (1949-1970 жж.) тек бір ғана команданың – Мәскеудің «Динамосының» намысын қорғады. Яшин тіпті Одақ құрамасы құрамында алаңға шыққанында кеудесінде «Д» деген жазуы бар жейде киіп шығып тұрды. Ол кеңес голкиперлері арасынан жүз ойында бірде-бір гол жібермеген бірінші қақпашы болды.

21-03-15-iashin-8