22 Наурыз, 2015

Болгардың Олимпиада чемпионы үйінде өлі күйінде табылды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-03-15-dobrev-1

АСТАНА. 22 наурыз. Болгардың ауыр атлетикадан олимпиялық чемпионы Милен Добрев кеше үйінде өлі күйінде табылды. Бұл туралы RT.com хабарлады. «Ауыр атлетикадан Олимпиялық ойындардың 2004 жылғы чемпионы Милен Добрев үйінде өліп жатқан күйі табылған», - делінген Reuters хабарламасында. Мәнбенің жеткізуінше, 35 жастағы болгар спортшысының мәйітін бірінші болып оның ата-анасы көрген. Болгария ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, марқұмды әлдекімнің зорлық жолымен өлтіргені байқалмайды. Бірақ спортшының өлу себебі де әлі анықталған жоқ. Добрев 2004 жылы Афинада өткен Олимпиадада 94 килоға дейінгі салмақта топ жарып еді. Ол сондай-ақ 2003 жылы әлем чемпионатында да алтын медаль жеңіп алған болатын. Дамир Қожамқұл.