Табиғат • 22 Қараша, 2025

Іле-Балқаш табиғи резерватында ұсталған көліктен қару мен 13 қоян табылды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мәліметінше, инспекторлар 18 қараша сағат 22:45-те Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатқан. Нәтижесінде резерват аумағында заңсыз аң аулаған Алматы қаласы мен Алматы облысының екі тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Іле-Балқаш табиғи резерватында ұсталған көліктен қару мен 13 қоян табылды

– Автокөліктен 1 дана шам мен 12 калибрлі аңшылық қару және атылған 13 қоян табылды. Балқаш аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігі бойынша (заңсыз аң аулау) қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлады резерват.

Алдын ала деректер бойынша жануарлар дүниесіне келтірілген залал 766 740 теңгеге жеткен. Күдіктілер кінә дәлелденсе, 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35