ШЫМКЕНТ. 8 тамыз. Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Ол сапар аясында облыстық мәслихаттың сессиясына қатысып, депутаттарға облыстың жаңа әкімі Бейбіт Атамқұловтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар ұсынысты бір ауыздан мақұлдады. Бұл egemen.kz хабарлады.
Қазақстан президенті бұрынғы әкім Асқар Мырзахметов үлкен жұмыс атқарғанын, нәтижесінде өңір экономикасы табысты дамып, әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүргізіліп, қызмет көрсету саласы жүйелі түрде жақсарып келе жатқанын атап өтті. Елбасы Асқар Мырзахметовтің тәжірибесі мен беделі қазіргі уақытта елдің жетекші саяси күші болып саналатын «Нұр Отан» партиясының басшылығында қажет екенін айтты.
Президент облыстың дамуына дәстүрлі түрде зор көңіл бөлінетініне, оның басшысына айрықша жауапкершілік жүктелетініне назар аударды.
Сонымен қатар, Елбасы өңір активімен кездесу өткізіп, оның барысында облыстың жаңа әкімін таныстырды. Мемлекет басшысы Бейбіт Атамқұловтың түрлі басқару салаларындағы жұмыс тәжірибесін, білім деңгейінің жоғарылығын атап өтті және өңірдің алдына қойған міндеттерді оның игере алатынына сенім білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев экономикадағы ахуалдың күрделенуіне байланысты қолда бар қаражатты пайдалану тиімділігін арттыруға басымдық берілетінін, бұл барлық деңгейдегі әкімдердің міндеті екенін атап көрсетті.
Мемлекет басшысы атап өткендей, республикада дағдарыстық құбылыстарды еңсеру үшін жүйелі шаралар қабылдануда. Елде жүргізіліп жатқан индустрияландыру экономиканың орнықтылығын күшейтуге, шикізаттың әлемдік бағасына тәуелділікті азайтуға, шағын және орта бизнестің үлесін арттыруға бағытталғанын айтты. «Нұрлы жол» бағдарламасы да дағдарысқа қарсы саясаттың ілкімді құралы болып саналады.
Қазақстан Президенті облыстың әлеуетін жүзеге асыру керектігін атай отырып, бірқатар негізгі міндеттер қойды. Олардың қатарында табиғи ресурстарды пайдалануды қоса алғанда, өнерекәсіпті дамыту, уран кластерін қалыптастыру, шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуі үшін жағдайды одан әрі жақсарту, агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру және пайдаланылмайтын жер алқаптарын азайту мәселелері бар.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әлеуметтік өзекті, соның ішінде үш ауысымдық мектептерді жою, балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту аясын ұлғайту мәселелерін шешу ісін жалғастыруды тапсырды, бірақ бұл ретте шығыстардың орнымен жұмсалу қағидатын ұстану кажеттігін айтты.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 08 Тамыз, 2015
Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен барды

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40