АСТАНА. 9 мамыр. Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай «Мәңгілік полк» азаматтық шарасы ұйымдастырылды. Оған әртүрлі жастағы 1 000-нан астам адам қатысып, «Астана» алаңынан «28 панфиловшылар» саябағына дейін жаяу жүріп өтті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары мен әкелерінің және туған-туыстарының суреттерін ұстап шықты. Саябаққа келген олар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қазақстандық жауынгерлердің соғыстағы ерліктерін еске алды.
«Мәңгілік полк» шарасы алғаш рет 2012 жылы Ресейдің Томск қаласында өтті. 2013 жылы 120 қалада ұйымдастырылса, былтыр 7 елдің 500-ден астам қаласында жарты миллион адам көшеге шықты. Ал Алматыда аталған акция алғаш рет өтіп отыр.
Айта кетейік, «Мәңгілік полк» азаматтық акциясы бүгін еліміздің бірқатар ірі қалаларында ұйымдастырылды.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».
• 09 Мамыр, 2015
Алматыда алғаш рет «Мәңгілік полк» шарасы ұйымдастырылды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше