22 Наурыз, 2015

Нью-Йоркте еврей отбасының 7 баласы өрт кезінде қаза тапты

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-03-15-new_york-pojar-1

АСТАНА. 22 наурыз. Нью-Йоркте өз үйлерінде (суретте) болған өрттің салдарынан дінді қатты ұстанушы бір еврей отбасының 7 баласы қазаға ұшырады. Бұл туралы қалалық өрт департаментінің мәліметіне сүйенген ВВС хабарлады. Оқиға кеше түнде Нью-Йорктің Бруклин деген ауданында орын алған. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр плитасының қызып кетуінен шыққан. Осы апаттан кейін отбасында балалардың анасы мен бір жасөспірім қызы ғана тірі қалған. Олар от қызып жана бастаған кезде терезеден сыртқы секіріп үлгерген. Бірақ қазір екеуі де ауруханада ауыр халде жатыр. Нью-Йоркте дінді қатаң ұстанушы еврей отбасыларының көбі үйді ұдайы жылылықта ұстау үшін электр плитасын ажыратпастан пайдаланады. Бұл бір жағы олардың Шаббат діни мейрамының отты лаулатып жақпау жөніндегі тыйымын орындау үшін де керек екен. Мұрат Айтқожа.