АЛМАТЫ. 9 тамыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы активіне қаланың жаңа әкімі – Бауыржан Байбекті таныстырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл лауазымға Бауыржан Байбек тағайындалса, Ахметжан Есімов басқа қызметке ауысуына байланысты қала әкімі қызметінен босатылды.
Бауыржан Байбек бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Германиядағы Гете институтын неміс тілінің маманы (Бремен қаласы, 1995), «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы жоғары мектепті педагог (1998), Орталық Азия университетін халықаралық экономист (2002) мамандықтары бойынша бітірген.
«Хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік нұсқаулық» (2007, екі тілде), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2010) кітаптарының авторы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2004) кітабының бірлескен авторы, «Президенттің бір жылы» (2006, 2007) кітабының құрастырушысы, 6 мақаланың, соның ішінде «Мемлекеттің сыртқы саяси қызметіндегі хаттама» (2010), «Шетелдік мемлекеттердің хаттамалық қызметін институттандырудың кейбір аспектілері туралы» (2010) және тағы басқа жарияланымдардың авторы.
Б.Байбек 1999 жылдан - Қазақстанның Германиядағы Бас консулдығының референті, атташесі - ГФР-дағы Қазақстан елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы, 2002 жылдан - Президент Әкімшілігі жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, 2003 жылдан - Президент хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан - бас инспекторы, 2006 жылдан - хаттама жетекшісі, 2009 жылдың тамыз айынан Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2013 жылғы 1 қаңтарда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ол Қазақстан Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің төрағасы (2008 жылдан), Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесініңтөрағасы (2010 жылдан), С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) мүшесі болды.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 09 Тамыз, 2015
Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40