22 Наурыз, 2015

Ресей елшісі Данияның ядролық соққы алуы мүмкін екенін айтты

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-03-15-ataka_iadro-1

АСТАНА. 22 наурыз, Ресейдің Даниядағы елшісі Михаил Ванин кеше Данияның Ресей тарапынан берілетін ядролық соққының нысанасы болуы әбден мүмкін екенін жариялады. Бұл туралы даттың  Jyllands Posten деген балалар басылымы хабарлады. Ресейдің осы елдегі тілшісі мұны жоғарыда аталған газеттің арнайы бағаны үшін жазған. Ол Данияның Ресей Федерациясы тарапынан берілуі ықтимал ядролық соққының нақты нысанасы болуы мүмкін екенін келтірген. Михаил Ванин мұны «егер Дания НАТО-ның зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне қосылып кететін болса» дегенге байланыстыра мәлімдеген. «Мен даттар егер Дания америкалықтар басқаратын ракетаға қарсы қорғаныс жүйеге кіретін болса, өздерін ненің күтіп тұрғанын толық сезінбейді дегенге сенбеймін. Ал сол кезде даттың әскери корабльдерінің Ресей ядролық ракеталарының нысанасы болатыны анық», - деп жазды Ванин. Оның айтуынша, Копенгагеннің мұндай саясаты Ресей Федерациясы мен Дания арасындағы қарым-қатынасқа елеулі залал келтіретін болады. Себебі, мұның өзі Мәскеудің өзіне қауіп төндіреді. «Бұл, әрине, сіздердің шешімдеріңіз, мен тек бұл жағдайда сіздердің ақшаны да, қауіпсіздікті де жоғалатындарыңызды естеріңізге сала кеткім келеді», - деп жазады дипломат. Елшінің мәлімдемесі дат саясаткерлері арасында түсінбестік пен ашу-ыза туғызып жатыр. Мұрат Айтқожа.