АСТАНА. 9 тамыз. Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.
Ахметжан Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында туған.
«Ауыл шаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген. «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы.
Ахметжан Есімов 1990 жылдан - ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары, 1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы, 1994 жылдан - Премьер-министрдің орынбасары, 1996 жылдан - Мемлекеттік хатшы, 1996 жылдан - Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы, 1998 жылдан - Президент Әкімшілігінің жетекшісі, 1998 жылдан - Қазақстанның Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, 2001 жылдан - Ауыл шаруашылығы министрі, 2002 жылдан - Премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі, 2004 жылдан - Премьер-министрдің орынбасары, 2006 жылдың қаңтар айынан Ауыл шаруашылығы министрі болып қызметтер атқарды. 2008 жылдан бері Алматы қаласының әкімі болып келді.
2008 жылдан - «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы.
«Құрмет белгісі» (1982), «Парасат» (2002), «Отан» (2007) ордендерімен марапатталған.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: Ақорданың баспасөз қызметі.
• 09 Тамыз, 2015
Ахметжан Есімов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болды

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36