Қоғам • 28 Қараша, 2025

Айдос Азия чемпионы атанды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы гарнизонда бірнеше әскери бөлім бар. Соның бірі – 41433 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген қатардағы сарбаз Айдос Бекболсынов қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанды.

Айдос Азия чемпионы атанды

Әскери бөлім коман­ди­рінің орынбасары Мей­рам Қап­пасовтың айтуын­ша, аты­рау­лық сарбаз әскер қатарына көктем­де шақырылыпты. Әскер­ге дейін спортпен айналысып, халықаралық сайыстарда тәжірибе жинаған.

«Жақында Астана қала­сында өткен Азия чемпио­наты­на 16 мемлекеттен 800-ге жуық спортшы қатысты. Бұл бәсекеде біздің сарбазымыз Айдос Бекболсынов
65 кило салмақта бақ сынап, Азия чемпионы атанып отыр», дейді Мейрам Қаппазов.

Құрлықтық доданың жеңім­пазы атанған Айдос Бекбол­сы­новтың айтуына қарағанда, әскери бөлімде сарбаздарға барлық жағдай жасалған. Ал өзіне Азия чемпионатына тыңғылықты да­йындалуына мүмкіндік беріліпті.

«Бұл – басқа сайыстардан бәсі биік дода. Алдымен елдің, қазақ­тың абыро­йын асқақтатуды көздедім. Қарсыластың осал тұсын табар тәжірибе де қажет. Елорда төрінде өткен құрлық бәсекесінде Азия чемпионы атанғанымды мақтан етемін», дейді Айдос Бекболсынов.

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35